2012 жылғы 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі бюджет




Скачать 259.64 Kb.
Название2012 жылғы 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі бюджет
страница1/3
Дата конвертации30.08.2013
Размер259.64 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3


Ұлан ауданының әкімі С. Т. Туленбергеновтың ауданның

2012 жылғы 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық

дамуы туралы есебі


БЮДЖЕТ

Ауданның бюджеті 2012 жылы 3203,8 млн. теңгені құрады, соның ішінде трансферттер көлемі 2485,3 млн. теңге, меншікті кірістің көлемі 718,5 млн. теңгені құрады.

2012 жылы аудандық бюджеттің 2011 жылмен салыстырғанда 379,4 млн. теңгеге өсуі байқалады немесе 125,7%, соның ішінде 2012 жылы меншікті кірістің өсімі 2011 жылға қарағанда 94,1 млн. теңге немесе 132,6% құрады.

Бірінші жартыжылдықта аудандық бюджеттің меншік түсімдер 104,2 пайызға орындалды, есепті кезеңге жоспардағы 364,9 млн. теңгенің орнына 42,5 млн. теңгеге орындалды, 37,5 млн. теңге болжамнан артық түсті.

2012 жылға арналған аудандық бюджеттің шығысы аудандық мәслихаттың сессиясымен 3203,2 млн. теңге , есепті кезеңге жоспрадағы 1829,7 млн. теңгенің 1810,9 млн. теңгісі игерілді, игерілмеген сомма 19,3 млн. теіге


АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Аудандағы 960 мыңнан астам гектар жердің 500 мыңнан астам гектары ауыл шаруашылығына бағытталған жерлер. Олар, 1 акционерлік қоғамға, 1187 шаруа қожалықтарына, 110 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктігіне және 7 өндіріс кооперативтеріне бекітіліп берілді.

2012 жылы ауыл шаруашылық дақылдарының егістік алқабы 114,6 мың гектарға өсті, ол өткен жылмен салыстырғанда 9,6 мың гектарға немесе 9,1 пайызға артты. Оның ішінде дәнді дақылдар- 2,9 пайызға, картоп - 5,7 пайызға, мал азығы дақылдары 25,6 пайызға көбейді.

Ауданның мал шаруашылығы көпсалалы болып табылады, онда ет және сүт бағытындағы ірі қара малы, қой, жылқы, шошқа, марал, құс және ара өсіріледі. Өткен жылмен салыстырғанда жылқы - 8,3 пайызға, құс 45,1 – пайызға, түйе- 2,0 пайызға, ара -30 пайызға, марал-3 пайызға өсті. Сонымен қатар, ІҚМ өсімі 1,2 % - ға және ҰҚМ 2,8 % - ға төмендеді.

Бүгінгі күні ауданда 26 ірі қара малды бордақылау алаңы жұмыс істейді. 2012 жылы 2 ірі қара мал бордақылайтын алаң салынды («Агро-Бам» ш/қ және «Кунжура» ш/қ), онда 400 бас мал бордақылануда.

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мақсатында, 2012 жылы төмендегі іс шаралар жоспарланған:

  1. «Герасимовка ауылында жылына 5000 тонна дайын өнім шығаратын ет комбинатын салу».

Жобаның басшысы Рахимбаев Серик Жумадилович, «Ертіс Агропродукт» ЖШС директоры. Жобаның жалпы құны 1,5 млрд. теңге, қаржыландыру көздері «Аграрлық несие корпарациясы» АҚ арқылы жоспарланып отыр. Жоба іске асырылған жағдайда 140 адам жұмыспен қамтылады. Ағымдағы жылы құрылыс жұмыстырына 600,0 млн. теңге жұмсалмақ.

2. «Тарғын ауылында «мәрмер» тектес жоғары сапалы ет өндіруге мүмкіндігі бар асыл тұқымды репродукторлы шаруашылық құру».

Жобаның басшысы Мусина Кауа Рахимбердиновна, «Болашақ» шаруа қожалығының басшысы. Жобаның жалпы құны 470,7 млн. теңге, қаржыландыру көздері - өз каражатынан және несие қаражатынан («Казагрофинанс» АҚ). Герефорд тұқымды 423 бас ұрғашы тайншаларды Даниядан сатып алу жоспарланды. Жоба іске асырылған жағдайда 19 жұмыс орны ашылады. Бүгінгі күні 200 басқа арналған бордақылау алаңы және мал сою алаңы салынды. Мал сою аланына Германия және АҚШ елдерінде жасалынған құрал жабдықтар сатып алынды. 2013 жылдың мамыр айында Дания мемлекетінен мал әкелінеді.

  1. «Бозанбай ауылында 400 басқа сүт тауарлы фермасын салу».

Жобаның басшысы Мухаметкалиев Талгат Шаймарданович «Сібе» шаруа қожалықтың басшысы. Жобаның құны 150,0 млн. теңге, қаржыландыру көздері өз қаражатынан және қарыз қаражатынан. Жоба іске асырылған жағдайда 12 жұмыс орны ашылады.

Ағымдағы жылы «Казагрофинанс» АҚ арқылы 7,2 млн. теңгеге 2 трактор сатып алынды. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 21,0 млн. теңге несие бөлінді. Бүгінгі күні ірі қара малдың жалпы мал саны 120 басты құрайды, қосымша 150 бас сүт бағытындағы асыл тұқымды сиырларды сатып алу жоспарланған (Павлодар қаласы, «Луганск»асыл тұқымды шаруашылық). 400 гектар егістік жерді игеру, 2 мал қорасын қалпына келтіру, астық салатын қойманы және машина тракторлық паркін салу жоспарланған. Ағымдағы жылы 91,0 млн. теңге инвестиция жұмсалады.

2013 жылы ірі қара малдың санын 500 басқа жеткізу жоспарланған.

  1. «Айыртау аулында 1000 басқа бордақылау алыңын салу».

Жобаның басшысы Режабалиев Илханжан Мамадалиевич «Режабалиев» шаруа қожалықтың басшысы. Жобаның құны 100,0 млн. теңге, қаржыландыру көздері өз қаражатынан және қарыз қаражытынан. Жоба іске асырылған жағдайда 15 жұмыс орын ашылыды.

Бүгінгі күні 3,0 млн. теңгеге мал қорасы сатып алынды. Мал қорасының жөндеу жұмыстары басталды, 10 адам жұмыс істеуде. Биылғы жылы 20,0 млн. теңге жұмсалады.

2013 жылы ірі қара мал сатып алынады.

  1. «Айыртау және Азовое ауылдық округтерде 10200 гектар ауыл шаруашылық жерлерін игеру».

Жобаның басшысы Жолдасбаев Ермек Каимович «Альжан агротрейд» ЖШС директоры. Жалпы құны 200,0 млн. теңге, қаржыландыру көздері өз қаражатынан және қарыз қаражытынан. Жоба іске асырылған жағдайда 30 жұмыс орын ашылыды.

Жер бөлініп және құжаттары әзірленді, ағымдағы жылы көп жылдар бойы пайдаланбаған жерлерді игеру жоспарланған. 100 гектар жерге картоп салынды, 10 адам жұмыс істейді, 500 гектар жерге күздік дәнді дақылдарды егу жоспарланған. Және де, шетелдік маркалы 4 трактор, МТЗ-82, егістік комплекс және барлық ауыл шаруашылық жабдықтар сатып алынды. Биылғы жылы 60,0 млн. теңге жұмсалады.

  1. «Аблакетка ауылдық округте 400 гектар ауыл шаруашылық жерді игеру».

Жобаның басшысы Бакин Амантай Кабдешович «Балауса» шаруа қожалығының басшысы. Жобаның құны 5,0 млн. теңге, қаржыландыру көздері өз қаражатынан, 5 жұмыс орыны ашылды.

Жер бөлініп, құжаттары әзірленді, 185 гектарға көп жылдық шөптер және 200 гектарға бидай егілді.

  1. «Қасым Қайсенов кентінде көкөністерді өңдейтін және консервілейтін цехін салу».

Жобаның басшысы жеке кәсіпкер Аупаев Бекболат. Жалпы құны 21,0 млн. теңге, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы арқылы қаржыландырылады. Жоба іске асырылған жағдайда 12 жұмыс орны ашылады.

2 гектар жер бөлініп, құжаттары әзірленді. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы арқылы 21,0 млн. теңге қарастырылған. Жобаның қуаттылығы тәулігіне 1000 банка шығарады. 2012 жылдың маусым айында құрлыс жұмыстары басталады.

  1. «Мамай батыр ауылында көкөністерді өңдейтін және консервілейтін цехін салу».

Жобаның басшысы жеке кәсіпкер Мукажанов Марат Кусманович. Жалпы құны 40,0 млн. теңге, қаржыландыру көздері өз қаражатынан және қарыз қаражытынан. Жоба іске асырылған жағдайда 10 жұмыс орын ашылыды.

Цехті және қойманы салу үшін ғимараттар бар. «Жол картасы бизнес 2020» бағдарламасы арқылы несие алу үшін Ресей Сбербанкіне құжаттар тапсырылды.

  1. «Мамай батыр ауылында 10 мерзімдік жылыжайды және 1000 тоннаға дейін көкөніс сақтайтын қойманы салу.

Жобаның басшысы Гасанов Намик жеке кәсіпкер «Гасанов». Жобаның құны 180,0 млн. теңге, қаржыландыру көздері өз қаражатынан және қарыз қаражатынан. Жоба іске асырылған жағдайда 55 жұмыс орны ашылады. Жоба 2011-2015 жылдары іске асырылады. Жылыжайды салу үшін 12,2 гектар және ашық жерде көкөністерді салу үшін 55 гектар жер бөлінді.

2011 жылы бір жылыжай салынды. 2012 жылы 2 жылыжайдың және көкөніс сақтайтын қойманың құрылысын салу жоспарланған. 2012 жылы 50,0 млн. теңге қаражат жұмсалмақ. Жылыжайда және ашық жерде қызанақ, кияр, баялды, тәті бұрыш, картоп, қырыққабат, сәбіз, қызылша, қарбыз және үрме бұршақ дақылдары егілді. Сондай-ақ, жылыжайда 50,0 мың дана гүлдер салынып, содан аудандағы елді мекендерде отырғызылды. Өскемен қаласындағы «Дина», «Ивушка» сауда орындарында күнделікті 150-160 кг сәбіз сатылуда. Шілде айында жылыжайда сәбіздің жаңа тұқымы салынды.


КӘСІПКЕРЛІК

2012 жылғы 1 қаңтарға ауданда 2 мың. 287 шағын кәсіпкерлік субъектілер тіркелген.

2012 жылы ауданда шағын және орта бизнес дамытуда төмендегі іс шаралар атқарылуда:

- Қасым Қайсенов кентінде арнайы жасақталған техникаларды шығаратын автокөлік зауытының құрылысы басталды. Жобаның құны 150,0 млрд. теңге. 1500 жаңа жұмыс орындарының ашылуы жоспарлануда. Үстіміздегі жылы 3 млрд. теңге құрылыс жұмыстарына жұмсалмақ. Бүгінгі күнге 20,0 га жер телімі, сондай-ақ офис пен жұмысшылардың тұруына ғимарат бөлінді. Зауытты жобалауға техникалық құжаттарды дайындау, тіркеу және миграция мәселелерін шешуге аудан әкімішілік тарапынан қолдау көрсетілуде;

- Қасым Қайсенов кентінде ауылшаруашылық өнімдердің сату орнының құрылысы (рынок) жүргізілуде. Сонымен қатар, биыл кентте жанармай құю станциясы, ветеринарлық дәріхана ашылды;

- Айыртау ауылында дәмхана ашылды, сонымен қатар Ұлан ауылында дәмхананың құрылысы жүргізілуде;

- Асубұлақ кентінде және Тарғын ауылында наубайханалардың ашылуы жоспарланған, үстіміздегі жылдың наурыз айында І. Айтықов ауылындағы наубайхана өз жұмысын бастады;

- Гагарино ауылдық округінде демалыс базасының құрылыс жұмыстары басталды;

- Жантас ауылында 500 басқа құс фермасы ашылды. Құны 1,0 млн. теңге;

Жоғарыда көрсетілген шаралар негізінде 3 млрд. 66 млн. теңге инвестиция көзі тартылып, 233 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.


ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ

2012 жылға жоспарлануда:

1) Қасым Қайсенов кентіндегі 600 орындық мектептің құрылысын аяқтау, жобаның құны 709,4 млн. теңге. Оның ішінде 2011 жылы - 270,0 млн. теңге, оның 269,7 млн. теңге игерілді. 2012 жылы – 660,0 млн. теңге, оның 522,1 млн теңге игерілді.

2) Ново-Одеское ауылындағы 130 орындық мектептің құрылысы, жобаның құны 430,6 млн. теңге. 2011 жылы 102,6 млн. теңгеге жұмыс атқарылды, ағымдағы жылы 197,6 млн. теңге игерілді;

3) Алағабас ауылындағы 80 орындық мектептің құрылысы, жобаның құны 249,8 млн. теңге. 2011 жылы 99,5 млн теңгеге жұмыс істелінді, ағымдағы жылы 96,1 млн. теңге игерілді;

4) Қасым Қайсенов кентінде көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы, жобаның құны 498,0 млн. теңге. «Дакар групп» ЖШС-пен келісім шарт жасалды. Ағымдағы жылы қаржыландыру көлемі 205,6 млн. теңгені құрайды. Бүгінгі күнге алғы төлем түрінде 61,2 млн. теңге бөлінді;

5) Бозанбай ауылында 80 төсек-орынды психоневрологиялық медициналық арнайы мекеменің құрылысы, жобаның құны 487,8 млн.теңге. Ағымдағы жылы 205,5 млн. теңге қаражат игерілді. Тапсыру мерзімі – қараша 2012 жыл;

6) Жалпы құны 159,5 млн. теңгені құрайтын Ново-Азовове ауылындағы су құбыры желілерінің қайта жаңарту жұмыстарын аяқтау. Бүгінгі күнге 154,2 млн. теңге игерілді;

7) Жалпы құны 183,5 млн. теңгені құрайтын Ұлан ауылындағы су құбыры желілерінің қайта жаңарту жұмыстарын аяқтау. Бүгінгі күнге 177,3 млн. теңге игерілді;

8) Донское ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңарту, жобалық құны 256,0 млн. теңге. «Тасымал Көлігі» ЖШС-пен келісім шарт жасалды. Соттың шешімінің негізінде су құбыры желілері жеке меншік иесінен аудандық коммуналдық меншікке өткізілді. Ағымдағы жылы қаржыландыру көлемі 84,0 млн. теңгені құрайды. Мердігермен келісім-шарт жасалды. Бүгінгі күнге алғы төлем түрінде 25,0 млн. теңге бөлінді;

9) Привольное ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңарту, жобалық құны 299,0 млн. теңге. «Тасымал Көлігі» ЖШС-пен келісім шарт жасалды. Ағымдағы жылы қаржыландыру көлемі 94,0 млн. теңгені құрайды. Бүгінгі күнге алғы төлем түрінде 28,0 млн. теңге бөлінді. Жұмыс ауқымы басталып кетті;

10) Тарғын ауылында 200 орынға ауылдық клуб құрылысын бастау, жобаның құны 181 млн.тенге. Ағымдағы жылы қаржыландыру көлемі 20,0 млн. теңгені құрайды;

11) Сағыр ауылында 200 орынға ауылдық клуб құрылысын бастау. Жобаның құны 189,0 млн теңге. Ағымдағы жылы қаржыландыру көлемі 20,0 млн. теңгені құрайды;

12) Бозанбай ауылында 80 төсек-орынды психоневралогиялық медициналық арнайы мекеме құрылысы, жобалық құны 487,8 млн. теңге, оның 205,5 млн. теңге игерілді;

13) Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойынша ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу шеңберінде жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен жайластыруға 61,7 млн. теңге қарастырылды.

Келесі жобалық сметалық құжаттама дайындау жұмыстары жүргізілуде:

- Қасым Қайсенов кентіндегі сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы (жеке тұрғын үйлер ауданы), құны 5,0 млн. теңге;

- Қасым Қайсенов кентіндегі элетрмен жабдықтау жүйесінің құрылысы (жеке тұрғын үйлер ауданы), құны 5,0 млн. теңге;

- Қасым Қайсенв кентіндегі көп пәтерлі тұрғын үйлерге инженерлік инфрақұрылым құрылысы (су құбыры, канализация), құны 4,0 млн. тенге;

- Қасым Қайсенов кентіндегі Р. Марсеков атындағы орта мектебі ғимаратын спорттық-сауықтыру аланыңы мен бассейнге айналдыру, құны 5,0 млн.тенге;

- Саратовка ауылына 150 орынға арналған мәдениет үйі құрылысы (жобаны қайтадан қолдану) (2,4 млн теңге);

- Қ. Қайсенов кентіндегі мектепті қосымша білім беру мекемесіне қайта жаңарту жұмыстарына 2,0 млн. теңге қарастырылды;

- 3 мектептің құрылысы: І. Айтықов және Украинка ауылдарында 80 орынға арналған, Привольное ауылында 180 орынға арналған, Герасимовка ауылында 140 орынға (3,0 млн теңге) балабақша құрылысына, сонымен қатар Жаңа-Қаңай ауылында 80 орынға арналған мектеп құрылысына Жобалық сметалық құжаттамасын түзету (2,0 млн теңге);

- Мамай Батыр ауылында су құбыры желілерін қайта жаңарту (5,0 млн. теңге);

- Қасым Қайсенов кентінде көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы (5,0 млн. теңге);

- Бозанбай ауылының құрылысының жүйесін жасау (3,5 млн. теңге).

Сонымен қатар, әлеуметтік жауапкершілік негізінде Бозанбай, Герасимовка, Асубулақ елді мекендерінде су құбырлары жүйесінің қайта жаңартуға жобалық сметалық құжаттарды дайындауға меморандумдарды жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде.


АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ, СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ

2012 жылы аудандық бюджеттен жергілікті автомобиль жолдарын ұстауға және ағымды жөндеуден өткізуге 57,0 млн. теңге қаражат бөлінді. Оның ішінде 19 млн. теңге жолдар мен көшелерді қыста тазалауға, ал 38 млн. теңге ағымды жөндеуге жұмсалады.

Ағымдағы жылы Жол картасы бағдарламасы бойынша облыстық және аудандық бюджеттерден Таврия ауылындағы Песчаная көшесін күрделі жөндеуге 167,059 млн. теңге қаражат бөлінді. 2012 жылғы 1 шілдеге 106,6 млн. теңге қаражат игерілді.

Республикалық бюджет есебінен «Таврическое-Каменка-Завидное-РД» автокөлік жолын күрделі жөндеу өткізілуде. Жобаның ортақ сметалық құны 717,0 млн теңге құрайды.

Қазіргі уақытта Герасимовка және Тоғанас ауылдарында көпір құрылысына жобалық-сметалық құжаттамалары аяқтау үстінде.

2012 жылы облыстық және республикалық бюджеттен елді мекендерді санитарлық тазалауға 4,3 млн теңге, көріктендіру және көгалдандыруға 35,8 млн теңге, көшені жарықтандыруға 36,4 млн теңге, сумен жабдықтауға - 4,4 млн теңге қарастырылған. «Аумақты дамыту» бағдарламасы аясында Макеевка, Жоғары Таинты, Жанұзақ ауылдарының көшесін жарықтандыруға 5,3 млн теңге сомасында қаражат бөлінді. Жұмыстары аяқтау үстінде.

Ауданның тірек ауылдарын (Айыртау, Бозанбай, Таврия) дамыту аясында көше жарықтандыру және аббатандыру жұмыстарын өткізуге республикалық бюджеттен 54173,0 мың теңге, облыстық және аудандық бюджеттен 56219,0 мың теңге қаражат бөлінді:

Таврическое ауылындағы Т. Тохтаров пен Песчанная көшелерінің жарықтандыру жүйлерін жөндеу. Жобаның құны 17,9 млн. теңге. «ГЭН» ЖШС-пен келісім шарт жасалды. Бүгінгі күнге алғы төлем түрінде 5,3 млн. теңге бөлінді.

Айыртау ауылының Жанабекова көшесін жарықтандыру. Жобаның құны 1,6 млн. теңге. Қазіргі уақытта потенциалдық мердігерлердің конкурстық өтінімдері қарастырылуда;

Айыртау ауылының Абай көшесін жарықтандыру. Жобаның құны 2,2 млн.теңге. Қазіргі уақытта потенциалдық мердігерлердің конкурстық өтінімдері қарастырылуда;

Бозанбай ауылының канализациялық желілерін тазалау. Құны 10,8 млн. теңге. Қазіргі уақытта байқаудың қорытындылары тұжырымдалуда;

21,8 млн. теңге сомасы Таврия ауылындағы сыртқы канализацияны ағымдағы жөндеуiне 5,2 млн. теңге, Таврия ауылындағы сумен жабдықтау жүйесінің ағымдағы жөндеуіне 11,2 млн. теңге және Айыртау ауылындағы сумен жабдықтау жүйесінің ағымдағы жөндеуіне 5,5 млн. теңге бағыттауға жоспарлануда.

Тірек ауылдарын дамыту бойынша алгоритм шеңберiнде облыстық және аудан бюджеттерінен 56,2 млн. теңгетөмендегі іс-шараларға бөлінді:

Бозанбай ауылында абаттандыру жұмыстарын жүргізу (бұзылған үйлдердің орындарын тазалау), жобаның құны 2,0 млн. тенге. Қазіргі уақытта Бозанбай ауылындағы 3 бұзылған үйлердің орындарын тазалау жұмыстары жүргізілген: қоқыстартардан тазаланды, беті тегiстелді, қалпына келтiрiлетiн жерлерге топырақтың құнарлы жiгi әкелінді;

Таврия ауылындағы стадионды абаттандыру. Жобаның құны 46,1 млн. теңге. «Восток Асфальт» ЖШС-пен келісім-шарт жасалды, 13,8 млн. теңге алғы төлем түрінде бөлінді, жұмыс ауқымы басталды;

Бозанбай ауылындағы Аманжолов көшесін жарықтандыру. Жобаның құны 8,1 млн. теңге. «ГЕН» ЖШС-пен келісім-шарт жасалды, 2,4 млн. теңге алғы төлем түрінде аударылды.

Сонымен қатар, аудандық бюджеттен бөлінген 2,5 млн. қаражатқа Асубұлақ кентінің бұзылған мектеп пен тұрғын үйдің орындары тазаланды, Саратовка ауылындағы Отрадная көшесін ағымды жөндеуден өкізуге 3,7 млн. теңге сомасы қарастырылған. Қазіргі таңда мердігерлердің конкурстық өтінімдері қарастырылуда.

Қасым Қайсенов кентіндегі көшелерді абаттандыру жұмыстары жүргізілді: тратуарлар салынды, кентке кіреберіс жолда гүлзарлар отырғызылды, суару құралғылары орнатылды.

  1   2   3

Похожие:

2012 жылғы 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі бюджет icon2012 жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму туралы ақпараты
Округтің 2012 жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі және 2013 жыл міндеттері туралы баяндауға рұқсат етіңіздер
2012 жылғы 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі бюджет iconӘлеуметтік-экономикалық даму болжамы теміртау қаласы – 2012 ж. Мазмұны Кіріспе 3
Жарлығына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-іv бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы...
2012 жылғы 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі бюджет iconШарбақты аудан әкімдігінің
Шарбақты ауданының 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық дамуының болжамы (одан әрі-Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы)...
2012 жылғы 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі бюджет iconАҚТӨбе облысының 2012-2013 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері
Ақтөбе облысының 2014-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (әрі қарай- әлеуметтік-экономикалық даму болжамы)...
2012 жылғы 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі бюджет icon1. 2009 жылғы экономикалық даму үрдістері
Республикасының 2011 – 2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы)...
2012 жылғы 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі бюджет icon2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Таран ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы
Таран ауданы 1936 жылы құрылған 7,6 мың шаршы километр жерді алып жатыр. 2012 жылғы 1 қаңтарға жағдай бойынша халық саны 27723 адамды...
2012 жылғы 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі бюджет icon2012-2016 жылдардағы Абай ауданы мәдениет саласының әлеуметтік-экономикалық дамыту болжамы Кіріспе
Абай ауданы мәдениет саласының әлеуметтік-экономикалық дамыту болжамы (әрі қарай Болжам) 2009 жылғы 27 тамыздағы №1251 Қазақстан...
2012 жылғы 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі бюджет icon2012 жылғы 29 наурыз №366 Астана, Үкімет Үйі
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар...
2012 жылғы 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі бюджет iconҚазақстан Республикасының 2010 – 2014 жылдарға арналған
Елдің 2010 – 2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы) Қазақстан...
2012 жылғы 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі бюджет icon«Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі
Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (бұдан әрі – Бюджет кодексі) сәйкес...
Разместите кнопку на своём сайте:
kaz2.docdat.com


База данных защищена авторским правом ©kaz2.docdat.com 2013
обратиться к администрации
kaz2.docdat.com
Главная страница