Лекциялық курс




Скачать 233.28 Kb.
НазваниеЛекциялық курс
Дата конвертации31.08.2013
Размер233.28 Kb.
ТипЛекция
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


Заң факультеті

Қылмыстық құқық және қылдмыстық іс-жүргізу кафедрасы


Орсаева Р.А.


лекциялық курс


«Қылмыстық құқық»


Өскемен, 2008 ж

№ 1- ші тақырып

Қылмыстық құқық пәні, түсінігі, міндеттері мен принциптері


Қылмыстық құқық жеке қылмыс саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді.

Қылмыстық құқық – жалпы құқық жүйесінің негізгі бір саласы және пән болып табылады. Осы ұғымдардың жиынтығын қосылып, қылмыстық құқық деген түсінікті білдіреді.

Құқық саласы ретінде қылмыстық құқық заң шығарушы органдар қабылдаған қылмыс пен жаза, қылмыстық жауаптылық негізі, жаза жүйелерін, жазаны тағайындаудың тәртібі мен шарттары, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуды белгілейтін заңдылық нормаларының жиынтығы болып табылады.

Қылмыстық құқық нормалары мазмұнына қарай екі түрлі қызметті жүзеге асырады. Біріншісі – қылмыстық құқық ережелері, принциптері мен институттарын белгілеу арқылы қылмыс пен жазаны анықтайды.

Екіншіден – қылмыс қатарына жататын белгілерін, шеңберін және жаза тағайындайтын жаза түрлерін, шегін белгілейді.

Қылмыстық құқық пәні қылмыс істеуге байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастарды ретке келтіреді.

Қылмыстық кодекстің 2-ші бабынада қылмыстық міндеттері белгіленген, яғни

  1. Адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды

мүдделерін, меншігін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасы конститутциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын қорғау, қылмыстардың алдын – алу болып табылады.

  1. Міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық жауаптылық негізі

белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үщін қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады.

Қылмыстық құқық міндеттері қылмыстылықтың жағдайы мен деңгейіне тікелей байланысты, Қылмыстық заңның басты міндеттерінің бірі қылмыстан сақтандыру болып табылады.

Қылмыстық құқықтың принциптері - заң шығарушыға, ғылымға, құқық қорғау және қолдану органдары мен адамдарға қылмыспен күрес жүргізу саласындағы қажетті, негізгі, міндетті ережелердің көрінісі.

Қылмыстық құқық принципі бірнеше түрге бөлінеді:

  1. заңдылық

  2. азаматтардың заң алдындағы теңдігі

  3. жауаптылықтан құтылмайтындық принципі

  4. жеке кінәлі жауаптылығы қағидасы

  5. кінәлі жауаптылық

  6. әділеттілік принципі

  7. ізгілік принципі



№ 2-ші тақырып

Қылмыстық заңның түсінігі, құрылысы, маңызы.


Қылмыстық заң Қазақстан Республикасының Конститутциясына сәйкес Республика Парламенті қабылдаған құқылық акті болып табылады.

Қылмыстық заң кеңістіктегі күші қылмыстық кодекстің 6-бабындағы (аумақтық) және 8 бабындағы (қылмыскерді ұстап беру туралы халықаралық шарт) принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Қылмыстық кодекстің 4-бабында іс-әрекеттің қылмыстылығы және жазаланушылығы сол іс-әрекет жасаған уақытта қолданылып жүрген заңмен белгіленеді. Қоғамға қауіпті әрекет жүзеге асырылған уақытта, зардаптың басталған уақытына қарамастан, қылмыс істелген уақыт деп саналады. Яғни зардаптың қашан болғанына байланыссыз істелген іс-әрекеттің уақыты болып іс-әрекеттер жүзеге асырылған жыл, ай, күндер және сағаттар есепке алынады.

Іс-әрекеттің қылмыстылығын белгілейтін, жазаны күшейтетін немесе кінәлінің жағдайын басқа түрде нашарлататын қылмыстық заңның кері күші болмайды.


№ 3-ші тақырып

Қылмыстың түсінігі мен белгілері


Қылмыс түсінігі Қазақстан Республикасы қылмыстық кодекстің 9-бабында берілген.

Қылмыс қоғамға қауіпті әрекет пен әрекетсіздік. Әрекет адамның қылмыстық заң тыйым салған нәрселерді істеуі, әрекетсіздік – адамның заң, нормативтік актілер, нұсқаулар мен арнаулы жарлықтар, бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міндетін орындауы.

Қылмыс белгісі төрт түрге бөлінеді. Яғни

- құқыққа қайшылық,

- қоғамға қауіптілік,

- кінә,

- жауаптылық (жазаланушылық).

Адамның қылмыстық құқылық норма тыйым салған іс-әрекеттерді істеуін қылмыстық құқыққа қайшылық деп айтамыз.

Қылмыстық сапалық белгісі оның қоғамға қауіптілігі болып табылады. Бұл белгі қылмыстық материалдық мәнін білдірумен бірге қандай іс-әрекеттер қылмыс болып табылатынына түсінік береді.

Қоғамға қауіптілік – объективтік белгі.

Қоғамға қауіптілік қоғамға зиянды іс - әрекеттің өзінің тікелей ерекшелігіне, уақытына, орнына, тәсіліне, жағдайына байланысты болуы мүмкін. Қылмыстық қоғамға қауіптілік дәрежесі қылмыстық заңда көрсетілген санкция бойынша анықталады.

Кінә - заң қорғайтын объектілерге әрекет пен әрекетсіздік арқылы кінәлі түрде қасақаналық немесе абайсыздықпен қол сұғушылықты білдіреді. Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыс деп аталады.

Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып , оның қоғамға қауіпті зардаптарының болуының мүмкін екенін немесе болжай қоймайтын алдын ала білсе, ол зардаптардың болуын тілесе, қылмыс тікелей ниетпен жасалған қылмыс болып саналады.

Адам өз әрекетінің қоғамға қауіптілігін ұғынып, зардаптардың болуы мүмкін екенін алдын ала білсе, ол зардаптардың болуын тілемесе, бірақ саналы түрде жол берсе, ол қылмыс жанама ниетпен жасалған қылмыс болып саналады.

Менмендікпен немесе немқұрайлықпен жасалған әрекет абайсызда жасалған қылмыс деп аталады.

Қылмыстың зардабы ауыр болғанына қарамастан, оны істеген адамның іс-әрекетінде кінәнің белгілі бір тұрі болмаса, ол қылмыстық жауапқа жазаға тартылмайды.

Қылмыстық жауаптылық (жазаланушылық) – қылмыстық міндетті белгісі. Себебі, қылмыстың өзі қылмыстық заң жазамен қорқытып тыйым салған әрекет пен әрекетсіздік болып табылады.

Яғни қылмыс істеген кез келген адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып жазаланады.

Қылмыс санаттарына келсек, қылмыстық кодекстің 10 бабы бойынша, қылмыстар, онша ауыр емес, ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр болып санаттарға бөлінеді.


№ 4-ші тақырып

Қылмыстық жауапкершілік және оның негізі


Қылмыстық жауаптылық мемлекеттік заң шығарушы орган арқылы қылмыстық қатермен тыйым салынған қоғамға қауіпті кінәлі әрекет үшін белгіленеді.

Қылмыстық жауаптылық –қылмыстық құқылық норманны бұзудың нәтижесі, қоғамға қауіпті іс-әрекеттің көрінісі, қылмыс істелмесе жауаптылықта болмайды.

Қылмыстық жауаптылық - өзінің нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік күштеу мәні бар жауаптылықтың түрі.

Қылмысытқ жауаптылқтың екі бөлігі бар. Ол

- мазмұны

- заңдылық.

Мазмұны – теріс қылыққа моральдық саяси баға беріп мінез және мемлекет, қоғам тарапынан қылмысын бетіне басу.

Заңдылық – қылмыс істеген адамға қолданылатын күштеу шаралары.

Қылмыстық жауаптылық негізгі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 3 бабында көрсетілген. Бап бойынша, қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегенге, қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді қасақана немесе абайсызда істеген адамға тағайындалады.

Қылмыскер – қылмыстық – құқықтық қатынастың объектісі болса, мемлекет қылмыскерді жазалай отырып, басқаларды қылмыс істеуден сақтандырады, сақталған адамдарды түзеу мақсатын жүзеге асырады.

Қылмыстық жауаптылық болу үшін тек қана қоғамға қарсы әрекет пен әрекетсіздік орын алуы керек.


№ 5 –ші тақырып

Қылмыс құрамы және оның маңызы


Қылмыс құрамы деп – қылмыстың заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтады.

Қылмыс құрамы элементтері деп қылмыс құрамы жүйелерін құрайтын бастапқы компоненттерді айтамыз.

Қылмыс құрамының белгілеріне төрт элемент жатады. Олар;

  1. қылмыс объектісі

  2. қылмыстың объективтік жағы

  3. қылмыс субъектісі

  4. қылмыстың субъективтік жағы.

Қылмыс құрамына мұқияттылықпен таңдап алынған түрлік белгілер кіреді.

Түрлік белгілер дегеніміз барлық қылмыстарға ортақ, олардың қоғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылығын білдіретін жиынтық.

Түрлік белгіге жатпайтын тек қана жекелеген қылмысқа тән белгілер қылмыс құрамына қосылмайды. Сондықтан, олар қылмыс құрамынан тысқары болсада, оның қылмысты саралау үшін маңызы болмайды.

Қылмыстық заңды дұрыс қолданудың маңызды шарттарының бірі қоғамға қауіпті іс-әрекеттерге заңды дұрыс қолданып, іс-әрекет пен әрекетсіздікке қылмыстық заң нормасының талабына сай баға беріп саралау болып табылады. Саралау – адамға қоғамға істеген қауіпті іс-әрекетін қылмыс құрамының белгісі бар бапқа дәлме – дәл жатқызу болып табылады.

Жалпы қылмыс құрамының маңыздылығы зор. Себебі, қылмыстың субъектісі, субъективтік жағының қылмыс құрамын қарап, дәрежесі, тәсілін анықтау – сол арқылы жаза тағайындау маңыздылығы ерекше. Сондықтан да, қылмыс құрамын толық білмей қылмыстың қылмыстық құқықтың ерекше бөліміндегі нақты қылмыстарды саралау мүмкін емес.

№ 6-ші тақырып

Қылмыс объектісі


Кез келген қылмысты ашу үшін қылмыстың объектісін анықтаудың маңызы ерекше.

Қылмыс объектісі дегеніміз қылмысты қол сұғушылықтан қылмыстық заң бойынша қорғалатын қоғамдық қатынастарды айтамыз. Әрбір істелген қылмыс белгілі бір жағдайда қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе келтіру қаупін туғызады.

Қоғамдық қатынастар қоғамдық қоғамдық экономикалық формацияларында байланысты пайда болады, дамиды, жетіледі.



Қылмыс объектісі





Жалпы

Тікелей

Топтық



Жалпы объект – заң нормасы арқылы қорғалатын қоғамдық қатынастар жиынты.

Толық объект – қылмыстық қол сұғушылықтан қылмыстық заң қорғайтын біртектес немесе өзара ұқсас қоғамдық қатынастардың белгілі бір бөлігі.

Тікелей объект – заң қорғайтын нақты қатынастарға бір немесе бірнеше қылмыстардың тура немесе тікелей бағытталуы.



Тікелей объект





Негізгі тікелей

объект

Факультативтік

тікелей объект

Қосымша тікелей

объект



Негізгі тікелей объект – қоғамдық мүдені қорғау үшін қылмыстық заң нормасы шығарылатын және осы басты белгі бойынша қылмыстық Кодекстің тиісті тарауына орналастыруға негіз болатын объектіні анықтау.

Қоысмша тікелей объект - қылмыстық заң бойынша қорғалып негізгі объектіге зиян келтірілгенде негізгі тікелей объектімен байланысты объектіні айтамыз.

Факультативтік тікелей объект – қылмыс жасаған кезде зиян келтіру қаупі туатын, бірақ қылмыс құрамының негізгі элементіне жатпайтын, қылмыстық заңмен қорғайтын қоғамдық қатынастарды айтамыз.

Қылмыс заты – осы қылмыс құрамының факультативті белгісі болып табылады.


№ 7-ші тақырып

Қылмыстың объективтік жағы

Қылмыстың объективті жағы қылмысты істеген адамның мінез құлқылық сыртқы көрінісін блдіреді.

Қылмыстық құқықтағы зиян қылмыстық объективтік жағының белгісі болып табылатын « Қоғамға қауіпті зардап» ұғымын білдіреді.

Қоғамға қауіпті іс-әрекет одан туындайтын зардаптың арасын байланыстыратын белгі себепті байланыс деп аталады.

Қылмыстың объективтік жағының белгілеріне:

- әрекет пен әрекетсіздік

- қылмыстық зардап

- себепті байланыс

Жатса, ал, объективті жағынан факультативті белгілеріне:

- қылмыс тәсілі

- қылмыс құралы істелу жағдайы

- қылмыс орны

- уақыты

жатады.

Іс - әрекет - адамның мінез – құлқының сыртқа шыққан шынайы көрінісі болса, қылмысты зардап – қылмыстық заңда көрсетілген қоғамдық қатынастарға әрект пен әрекетсіздік арқылы келтірілген зиян болып табылады.

Себепті байланыс – қоғамда қауіпті іс - әрекет одан туындайтын зардаптың арасын объективті түрде жалғастыратын себепті байланыс. Қылмысты объективтік жағының факультатвитік белгілеріне келсек, қылмыс тәсілі дегеніміз – кінәлі адамның іс-әректті істеудегі қолданылатын әртүрлі әдістері мен айлалары.

Қылмы істелу орыны 1-деп, қылмыс істеген кеңістікті, 2-деп, жер бетінің қай бөлігінде қылмыс істегенін анықтайды.

Жалпы, қылмыстың объективтік жағы болсын немесе объективтік жағының факультативтік белгілерінің негізінен үш түрлі маңызы бар:

  1. бұл белгілер қылмыс құрамының міндетті, қажетті белгілері болуы

керек

  1. белгілер қылмыс құрамының ауырлататын түрін белгілеуі мүмкін

  2. қылмысты саралауға әсер болмаса да жазаны жеңілдететін немесе

ауырлататын мән-жайлар ретінде қарастырылады.

Жалпы, қылмыстың объективтік жағының жауапкершілік пен жаза тағайындаудағы маңызы ерекше.


№ 8-ші тақырып

Қылмыс субъектісі


Қылмыс субъектісі – қылмыстың жауаптылыққа қабілетті адам. Заңды тұлғалар – мекеме, ұйым, кәсіпорын қылмыстық субъектісі болып танылмайды.



Қылмыс субъектісі




арнаулы



жалпы



Есі дұрыстық, заңда көрсетілген жасқа таяу және жеке адам болу – барлық қылмыстарға тән, ортақ белгілер. Бұл белгілер жалпы субъектінің түсінігі.

Осы жалпы белгіні қоса қылмыс құрамының ерекшелігіне қарай қосымша, арнаулы белгілерді қажет ететін адам қылмыстың арнаулы субъектісі борлып табылады.

Сонымен, қылмыс субъектісі дегеніміз есі құрыс, заңда көрсетілген жасқа толған, жеке адам – осы есі дұрыстық, жасқа толғандық, жеке адам субъектісінің белгілері де болып табылады.

Есі дұрыс емес адамдар қылмыс субъектісі бола алмайды, оларға қылмыс істеген жағдайда мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін



Есі дұрыс еместік

Қ.к 16 бабы





Медициналық белгі (биологиялық)

Заңдық белгі (психологиялық)



болып бөлінеді.

Медициналық белгіге төрт ауру түрі жатады:

  1. Созылмалы психологиялық ауру.

  2. Психиканың уақытша бұзылуы.

  3. Кемақылдылық.

  4. Психиканың өзге де дертке ұшырауы.



Интелектуалдық

Заңдық белгі

Еріктілік екзең


болып бөлінеді.

Қылмыстық жасқа толу – субъектінің негізгі белгісінің бірі. Яғни қылмыстық жауапқа тартудың ең негізгі шарттарының бірі – белгілі бір жасқа толғандық.

Жас балалар (9-13) қылмыс субъектісі бола алмайды.


№ 9-ші тақырып

Қылмыстың субъективтік жағы


Қылмыстың субъективтік жағы адамның психикалық іс-әрекетінің қылмыс істеуге байланысты жағының көрінісі болып табылады.

Субъективтік жақ қылмыстың ішкі мәнін, мазмұнын білдіреді. Сондықтан субъективтік және объективтік белгі өзара тығыз байланысты.



Қылмыстың субъективтік жағы






Ниет

Мақсат

Кінә


белгілерімен сипатталады.

Кінә – кез келген қылмыс құрамының субъективті жағының міндетті белгісі. Кінәсіз қылмыстың құрамы болмайды.

Кінә - адамның қасақаналықпен немесе абайсызда істейтін қоғамға қауіпті іс - әрекетіне, көзқарастың жиынтығы.



Кінә түрлері





Қасақаналық

Абайсызда



Сонымен қатар, кінә психологиялық, әлеуметтік ұғымдар жиынтығы.

Зардап, қоғамға қауіптілік түсіну – кінәнің әлеуметтік мәнін құраса, сезіну мен еріктілік - психологиялық көзқарастарды құрайтын элементтер болып табылады.

Кінәнің қасақаналық түрінде адам өз істеген ісінің зардабын біледі, яғни соны тілейді.



Қасақаналық




Жанама



Тікелей

болып екіге бөлінеді.

Кінәнің абайсыздық түрі менмендікпен немқұрайлықпен (Қ.К. 21 бап. 1 тармағы) жүзеге асырады.

Немқұрайлық екі түрлі белгілермен сипатталады:

1. адам өз әрекетінің заңды зардаптарын болжауға тиіс болса,;

2. болжай алатын болса.

Бұл немқұрайлылықтың объективтік белгісі.

Менмендікпен істелетін іс - әрекеттің қауіпті екенін түсіну, зиянды зардаптың болуы мүм кігн екенін алдын – ала білу немесе зардаптар болмас деп сену.

Қылмыстық ниет және мақсат

Қылмыстық ниет – белгілі бір қажеттіліктер мен мүдделердің іштей түрткі болуна байланысты адамның соларды басшылыққа ала отырып, саналы түрде қылмыс істеуге бел бууын айтамыз.

Қылмыстық мақсат – адамның қылмыс істеу арқылы болашаққа белгілі бір нәтижеге жетуін айтамыз.


№ 10-шы тақырып

Іс әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән – жайдың

түсінігі мен түрлері


Қоғамдық қатынастарға зиян келтіруге бағытталған қауіпті жою, тойтару қоғамға пайдалы іс-әрекет екені белгілі. Осы тұрғыдан іс-әрекеттің

Қылмыс екенін жоятын мән – жайларды алсақ, бұл әрекет қоғамға пайдалы болып саналады. Себебі, адам қарсы сес көрсету арқылы тойтарыс беріп, өз мүлкін, өмірін, қоғам мүлкін аман алып қалу.

Қылмыстық заң бойынша оған:

- қажетті қорғану,

- аса қажеттілік,

- психикалық мәжбүрлеу немесе күштеу,

- орынды кәсіби тәуекел,

- жалған қорғану.

Қажетті қорғану - әрбір адамның заңды және заңмен көтермеленетін әрекеті болып табылады.

Әлеуметтік мәні бойынша қажетті қорғанудың қоғамға қауіптілігі жоқ.

Қажетті қорғану адамның ең қасиетті, табиғи құқықтары, өмірін, денсаулығын, бостандығын, меншігін т.б. игілігін қорғаудың тәсілі болып саналады.

Жалған қорғану – қорғанудың әртүрлі объективтік жағдайларға байланысты істеген қатесі болып табылады.

Жалған қорғану - қоғамға қауіпті әрекет. Жалған қорғануды жүзеге асырған адм кінәлі деп танылады., қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

Егер қажетті қорғануды өзінің қателігін байқамаса, онда ол келтірілген зиян үшін жауап береді.

Аса қажеттілкте қауіп құқықтық норма қорғайтын белгілі бір мүддеге немесе мүдделерге төнеді. Аса қажеттілікте қылмыстық заң қорғайтын екі мүддеге зиян келеді. Мұндай жағдайда келтірілген зиян мөлшері тойтарылған зиян мөлшерінен кем болу керек.

Орынды тәуекел 35 бапта қаралған. Ол, бойынша, пайдалы мақсатқа қол жеткізу үшін тәуекел кезінде заңмен қорғалған құқықтық мүдделерге зиян келтіру қылмыс болып табылады.

Егер адам өміріне, денсаулығына қатер төһндірген экологиялық апатқа, өзге де зардаптарға апарып соқтырса, тәуекел орынсыз деп саналады.

Күштеп немесе психологиялық мәжбүрлеуде күштеу белгілі бір әректті істеуге мәжбүрлеу, яғни бұрында жәбірленушіге күш қолданып, оның еркінен тыс әрекеттер орын алады.


№ 11-шы тақырып

Қылмыстың істелу сатылары


Қылмысты істеу сатылары – қасақана істелетін қылмсықа дайындалу, оқталудан біткенге дейінгі өтетін кезеңдерді айтамыз.



Қылмысты істеу сатылары





Қылмыс істеуге

Қылмыс істеуге оқталу

Аяқталған

қылмыс



Тікелей ниетпен қылмыс құралдарын немесе бейімдеп жасау, қылмсықа қатысушыларды іздестіру, әзірлеу немесе бейімдеп жасау үшін өзге де тыс қасақана жағдайлар жасау, егер бұл қылмыс адамның еркінен тс жағдайларға байланысты аяғына дейін жеткізілмесе, ол қылмыс қылмысқа дайындалу деп аталады. (24 бап, 1 тарау).

Қылмысқа дайындалу белгілері:

1. дайындық іс-әрекеттер жасау;

2. қылмысты тек тікелей қасақаналық жолмен істеу;

3. қылмыс құрамын толық орындауға дейін үзіліп қалу;

4. қылмыс адамның еркінен тыс жағдайларға байланысты істемеу.

Тікелей қылмыс жасауға бағытталған іс-әрекет адамға байланысты еес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмыс жасауға оқтау деп аталады.

Бітпеген аяқталу деп кінәлінің қылмысын аяқтауға қажетті деп санаған барлық іс-әрекет толық емес, жарым-жартылай орындау болып табылады. Кінәлінің істеген іс- әрекетінде қылмыстың барлық белгілері болса, онда қылмыстың аяқталған қылмыс дейміз.

Кейбір жағдайларда қылмыс істеудің даярлық сатысында – ақ аяқталған қылмыс құрамына жол беріледі. Кінәлі адам кінәсін өлтіру үшін заңсыз атылатын қару сатып алса, оның әрекетінде кісі өтіруге даярланғандық (Қ.К. 96 бабы) және қаруды заңсыз сақтау, алу, алып жүру, жасау, өткізу (Қ.К 251 бабы) сияқты аяқталған қылмыстың құрамы бар.


№ 12-ші тақырып

Қылмысқа қатысу


Қылмысқа қатысу 27,28,29,31 баптарда қаралған.

Қылмысқа қатысу – екі немесе одан да көп адамның қасақана қылмыстық әрекетті істеуі. Қылмысқа қатысудағы басты шарт – барлық қатысушыларға қылмысты орындаушының істейтін қылмысының мәнін сезе отырып, іртүрлі ниетпен соның болуын тілеп, қылмысты жүзеге асыру үшін өзгенің қылмыстық әрекеттерін біріктіру.



Қылмысқа қатысушылар





ұйымдастырушы

орындаушы

азғырушы

Көмектесуші



Қылмысты тікелей жасаған немесе оны жасауға басқа адамдарсен бірге тікелей қатысқан адам.

Ұйымдастырушы – қылмысты ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам, сонымен бірге ұйымдасқан қылмыстық топ құрған немесе қылмыстық қауымдастық (ұйым) құрған тікелей басшылық еткен адам.

Айдап салушы дегеніміз – басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен нмесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндірген адам.

Көмектесуші адам – кеңестерімен, нұсқауларымен , ақпарат, қылмысты жасайтын қару немесе құралдар берумен инее қылмысты жасауға кедергілерді жоюмен қылмыстың жасалуына көмектескен адам.

Қылмысқа қатысу заттай (материалдық) интелектуалдық көмектесу жолымен орын алуы мүмкін. Қалай болғанда да қылмыстық әрекетті жүзеге асыру, ізін жасыру осы көмектесуші адам арқылы жүзеге касады.

№ 13-ші тақырып

Қылмыстың көптігі


Қылмыстың көптігі – қылмыстық жауапқа тартудың мерзімі ескірмеген немесе сатылмағандығы жойылмаған жағдайда бір адамның екі немесе одан да көп қылмыстарды істеу.

Белгілері: 1. бір адамның екі, одан да көп қылмыс жасауы.

2.ол қылмыстардың әрқайсыс жеке – жеке құрам болып

табылатын қылмысты істеуі.



Қылмыстың көптігі



Қылмыстың бірнеше реет жасалуы

Қылмыстың жиынтығы

Қылмыстың қайталануы

жалпы

арнаулыы

идеалдық

Нақыт (реалды)

Фактілі

ресми



Қылмыстық кодекстің белгілі бір бабында немесе Ерекше бөлім бабының бөлігіндее көрсетілген 2 немесе олан да көп әрекетті істеу қылмыстың бірнеше реет жасалды деп табылады.

Кінәлі істеген іс-әрекетен де екі немесе одан да көп қылмыстың құрамы болса, онда ол қылмыс жиынтығы болып саналады.

Қасақана жасаған қылмыс үшін сотталғандығы бар адамның қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп аталады (13 бап, 1 тармақ).

Адам бірнеше істеген қылмысы үшін сотталғандық атағының бар – жоғына қарамастан тағыда қылмыс істеуі фактілі қылмысты қайталануы деп саналады.

Сотталғандық атағы жойылмаған немесе одан арылмаған адамның жаңа қылмыс істеуі рнсми қылмыстың қайталау болып табылады.

Ресми қайталану жолы, арнаулы, жай, күрделі, пенитенциалдық, қауіпті, аса қауіпті болып бөлінеді.


14-ші тақырып

Жазаның түсінігі мен түрлері


Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады. Сондықтан – ақ ол мемлекеттің қылмыспен күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде қолданылады.

Қылмыстық жаза жария түрінде ашықтан – ашық тағайындалады.

Сонымен қатар, қылмыстық жаза заңда көрсетілген нақты қылмысты жасаған кінәлі адамға ғана қолданылады. Яғни, бұл жерде жаза адамның кінәлі түрде іс-әрекетінің қылмыстық – құқылық зардабы болып табылады.

Жазаның мақсаты - әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталған адамды түзеу, жаңа қылмыстарды істеуден алдын – ала сақтандыру.

Бұл мақсат қылмыстық құқықтың жалпы міндеттері арқылы белгіленеді.

Жазаның түрлері (негізгі жазалар):

  1. айыппұл салу;

  2. белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен айналыысу құқығын айыру;

  3. қоғамдық жұмыстарға Тарту;

  4. түзеу жұыстары;

  5. бас бостандығынан айыру;

  6. әскери қызмет бойынша шектеу;

  7. қамау;

  8. тәртіптік әскери бөлімде ұстау;

  9. бас бостнадғынан ұстау;

  10. өлім жазасы қолданылуы мүмкін (39 бап, 1 тармақ).



№ 15-ші тақырып

Жаза тағайындау

Жаза тағайындауда кінәлінің жеке – дара жауапкершілік принципін негізгі басшылыққа алады. Сотталушының нақты қылмыс істеудегі кінәсі анықталған жағдайда сот оған жазаны, істеген қылмысы 8-ші, 3-ші жауаптылық қараған заңның тиісті баптарында көрсетілген шектен шықпай жаза тағайындайды. Яғни қылмыстың ерекшелігі мен кінәлінің жеке тұлғасы есепке алынады.

Жаза тағайындағанда жалпы негіздер ескеріледі (52 бап).

  1. Қылмыс жасауға айыпты деп танылған адамға әділ жаза

тағайындалады.

  1. Қылмыс жасаған адамға оның түзелуі және қылмыстардың алдын алу

үшін қадетті және жеткілікті жаза тағайындалады.

  1. Жаза тағайындау кезінде қылмыстың сипаты, қоғамның қауіптілік

дәрежесі, айыптың жеке басы, қылмыс жасағанға дейінгі және кейінгі мінез – құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін, ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуіне және оның отбасысының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайының ықпалы ескеріледі.

Жаза қылмыстың ерекше бөлімінің тиісті бабында белгіленген шекте тағайындалады. Яғни сот жаза тағайындағанда Кінәлінің істеген қылмысы үшін жазаның мөлшерін, түрін сол баптың санкциясы көрсеткен шектен шықпай тағайындауға міндетті. Сондықтан да, әзіл жаза тағайындаудың алғы шарты іс - әрекетті дұрыс саралау болса, бұл яғни іс-әрекеттің белгілерінің нақты қылмыс құрамы белгілеріне дәлме – дәл сай болуын анықтау өте қажет.

Сонымен қатар, сот жаза тағайындалғанда қылмыстық заңның 5 бабында кһрсетілген шарттрды еске ала отырып, кінәліге белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындауға құқылы.


№ 16-ші тақырып

Қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босату


Қылмыстық заң бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрлері:

- шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату;

- қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан бостау;

- жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстылық жауаптылықтан бостау;

- ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстылық жауаптылықтан босату;

- рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босату.

Заң бойынша кінәлі – деп танылған адам жаза өтеуден жазаны өтеуді жалғастырудан басталу немесе оның жазаның жеңілірек жазамен ауыстырылуы мүмкін.

Ал, жазадан босату:

  1. ауруына байланысты;

  2. жазаның өтелмеген бөлігін жеңіл жазамен ауыстыру;

  3. жас балалар мен жүкті әйелдер жазасын өтеуді кейінге қалдыру;

  4. айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату;

  5. рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде жазадан босату.

Қылмыстық жауаптылықтан босату, жазадан босату немесе жазаны одан әрі, өтеуден босатудың бір – бірінен айымашылығы оларды қолдану негіздеріне байланысты болады.


№ 17-ші тақырып

Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі

Қылмыстық кодексте жасы толмағандардың қылмыстық жауаптылықты жеке дараланып, арнаулы бөлімінде көрініс тапқан.

Оларға тағайындалатын жаза түрлері басқаларға қарағанда (ересектерге) жеңіл болады. Соны мен қатар жасы толмағандарға қылмыстық шаралардың ауыр түрлері өлім жазасы мен өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмайды. Оған қоса статус ерекшеліктеріне қарай мүлікті тәлкілеу, бас бостандығынан немесе әскери қызметінен шектеу жазалары да тағайындлады.

Қылмыстық кодекс (79 бабы) бойынша кәмелетке жасы толмағандарға:

А) айыппұл;

Ә) белгілі бір қызметпен айналысуы құқығынан айыру;

В) түзеу жұмыстары;

Г) қамау;

Д) бас бостандағынан айыру;

тағайындалады.

Кәмелетке толмағандарға жеңілдететін мән-жайлар ретінде жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар жиынтықта ескеріледі..

Әділ жаза деп кәмелетке толмағандардың түзелуіне тікелей әсер ететін жазаны айтамыз.


№ 18 тақырып

Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары

Заң бойынша, қылмысты есі дұрыс емес адам жасаса, оларға медициналық мсипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылады.

Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тек сот арқылы мемлекеттік шара ретінде тағайындалады. Мұндай шара жаза болып саналмайды, себебі, мұнда жазаға тән белгі- түзеу белгісі жоқ. Керісінше, сот үкімімен емес, сот қаулысы бойынша тағайындалады.

Сондықтан, мұндай адамдар сотталғандар қатарына жатпайды, оларға қолданылған шара оларды емдеуге, олардың тарапынан қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің қайталанбауына жасалған сақтандыру, олардың құқық қорғайтын мүддесін қорғау болып табылады.

Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары жазадан оны қолданылудың негізі мен мақсаты, мазмұны, заңдылық зардабы бойынша ажыратылады.

Медициналық сипаттағы шараларынң түрі заң бойынша төртке бөлінеді:

  1. емханалық мәжбүрлеп қадағалау және психиатрда емдеу;

  2. жалпы үлгідегі психиатриалық стационарлық емдеу;

  3. мамандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;

  4. интенсивті қадағаланатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түрлерін тағайындау.

Заңның негізгі мақсаты – медициналық сипаттағы шаралар қолдануға мұқтаж адамдарға адамгершілік тұрғысынан қарап, олардың азаматтық қасиеттерін сақтау, оларды емдеу, олардың азаматтық қасиеттерін сақтау, олардың психикалық жағдайын жақсарту, олардың жаңа қылмыстар істеуін болғызбауды қамтамасыз ету болып табылады.

Похожие:

Лекциялық курс iconКонтрольные вопросы из смежных дисциплин: Физико-химические свойства пыли (дисперсность, химический состав, растворимость и др.)
Общее время занятий: 9 уч ч (3 курс специальность «Медико-профилактическое дело»), 4 уч ч (3 курс специальность «Лечебное дело»)...
Лекциялық курс iconФедеральное агентство железнодорожного транспорта
ЭТ), 080801. 65 Прикладная информатика (в экономике) (ИЭ) (II курс); 280101. 65 Безопасность жизнедеятельности в техносфере (БЖ)...
Лекциялық курс iconВиды выполняемых работ, оказываемых услуг
Лфк в группе, лечебный массаж; иглорефлексотерапия (1 курс (1 курс 10 сеансов в год))
Лекциялық курс iconМультимедийный курс лекций для ландшафтников, историков культуры и любителей искусства Курс ведет
Фотоматериалы, презентации и переводы подготовлены Б. М. Соколовым, автором проекта "Сады и время"
Лекциялық курс iconСписок зачисленных в спбгасу на первый курс
На первый курс заочной формы обучения на договорной основе зачислены следующие абитуриенты
Лекциялық курс iconМетодичні рекомендації : курс складається з те
Курс «Соціальна політика» читається для спеціалістів філософського факультету спеціальності «Політологія». Розрахований на 33 години...
Лекциялық курс iconБюллетень новых поступлений за март 2013 г
Административное право. Краткий курс / П. П. Глущенко [и др.]. 2-е изд. Санкт-Петербург : Питер, 2011. 272 с ил. (Краткий курс)....
Лекциялық курс iconКурс иши Мювзу: Азярбайъанын банк системинин тякмилляшдирилмяси йоллары Курс
Базар игтисадиййатына кечидля ялагядар Азярбайъанда йаранан банк бющраны вя онун сябябляри
Лекциялық курс iconПетербургский (812)  251-0498, 251-8805
...
Лекциялық курс iconCS501 "Инженерийн загварчлалын програм хангамж"
Уг курс нь 32 цагийн лекц – семинараас (дадлага) бүрдэх буюу 2 кредит цагийн хичээл юм. Курс нь магистрант таны судалгааны ажлын...
Разместите кнопку на своём сайте:
kaz2.docdat.com


База данных защищена авторским правом ©kaz2.docdat.com 2013
обратиться к администрации
kaz2.docdat.com
Главная страница