Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі




Скачать 431.73 Kb.
НазваниеҚазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі
страница4/4
Дата конвертации04.09.2013
Размер431.73 Kb.
ТипДокументы
1   2   3   4

Негізгі сұрақтар:

Қазақстандыісгардың Мәскеу түбіндегі шайқаска катысуы

Қазакстандық партизандардың ерліктері Тоталигарлық тәртіптін күшеюі

Қазақстандағы лагерьлер Қазақстанға арнайы қоныс аударылған ұлт өкілдерінің келуі "Бекмаханов ісі"

Әдістемелік нұсқау: Майданға жақын аудандардан өндіріс орындарын, өндірістік құрал-жабдықтарды және халықты эвакуациялау, олардың белгілі бір бөлігінің Қазақстанға жетіп орналасуы. Республика өмірін соғыс қажетіне бейімдеу. Қазақстан жерінде жасақталған әскери бөлімдер. Қазақстандықтардың ірі шайқастарға қатысуы және ерлігі. Москва, Сталинград, Курск түбіндегі шайқастардағы үлестерін атап беріңіз. Рсепубликаның әскерді өндіріспен тамақпен қамтамасыз етуін айтып беріңіз.

Фашистердің "Түркістан легионын" құру әрекеті. Мұстафа Шоқайұлы. Соғыс тұтқындарының қайғылы тағдыры.

Тоталитарлық тәртіптің соғыс жылдары нығая түсуі. Ұлт саясатындағы озбырлықтар. КСРО территориясындағы жеке халықтарға сенімсіздік көрсетілуі. Қазақстанға еріксіз қоныс аударған халықтардың (неміс, шешен, қарашай, т.б.) жағдайы.

Соғыс кезіндегі ауыл адамдарының еңбектегі ерлігі. Ыбырай Жақаев, Шығанақ Берсиев, т.б. Майдан мен тылдың тұтастығы. Қазақстан еңбеккерлерінің соғыста қираған аудандарға берген көмегі.

3 сұрақты соғыс кезінде репрессия салдарынан Қазақстанға 1 миллион 200 мың адам келгенін, олардың ішінде: корей, шешен, ингуш, қарачай, балқандықтар, грек, курдтар келгенін сипаттаңыз. Олардың Қазақстанда өмір сүргендігі туралы айтып беріңіз.

Соғыстан кейінгі Қазақстанда жаңа экономикада қайта құру басталды. Ауыр индустриямен тамақ және жеңіл өнеркәсібі дамыған, әскери, өндірісі бойынша ірі комплекске айналғаны туралы айтып беріңіз. Қазақстанның фашистік окупациядан кейін елдерге көмек беруін жеке қарастырыңыз.

Бұл оқиғалардан кейін жаңа жерлерді игеру жұмыстары басталды. Бұл жұмысқа елдердің көптеп тартылуын сипаттап беріңіз. Және ол құбылыс экономикаға, экологияға, демографияға қандай әсер тигізітінін айтып беріңіз.

Бейбіт тұрмысқа өтуі. Халықаралық жағдайдың капиталистік елдермен қатынастың күрделі сипаты, соған байланысты ішкі дамуда әскери-өнеркәсіптік базаны жедел дамыту бағытын көздеу. Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің жаңа салаларының қалыптасуы. Транспорт.

Тоталитарлық тәртіптің күшеюі. Барлық өмір саласын қамтыған бақылау. Соғыста тұтқынға түсіп оралғандардың (репатрианттардың) ауыр жағдайы. Орыс халқына қатысты бұрынғы концепцияның өзгеріске ұшырауы. "Кеңестер Одағындағы ұлттардың ішіндегі ең құрметтісі". Республиканың соғыстан кейінгі қоғамдық өмірі кері әсерге толы болды. Осының дәлелі болып «Бекмаханов ісін» алуға болады. Ондағы геолог, жазушы, ғалымдармен күрес жүргізілді. Осы жағдай туралы нақты фактілерді атап беріңіз. "История Казахской ССР. С древнейших времен до наших дней". (А., 1943) кітабының тағдыры. Е.Б.Бекмахановтың, Қ.И.Сәтбаевтың, Б.Сүлейменовтың, т.б. істері. "Феодалдық" эпостарға ("Ер Сайын", "Шора батыр", "Қобыланды батыр" т.б.) идеологиялық шабуыл. "Зар заман" мектебі ақындарының мұраларын оқуға тиым салынуы. Жалпыға бірдей жеті жылдық білім талабының енгізілуі. Жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындарының ашылуы. Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі. Қазақстанда республикалық Ғылым Академиясының ұйымдастырылуын ашып көрсету керек.

7Семинар / семинар сабағы/

М 7 семинар Тыңайған жерлерді игеружәне экономикалыкбаскарудағы реформалар

Тапсырма: Тарихи құжаттарды талдау. Реферат.

Негізгі сұрақтар:

Н.А. Хрущевтің тың жене тыңайған жерлерді игеру саясаты.

Тың жерлерді игеру шаралары және экологиялык зардаптары Экономикалық реформплардың мәні 1965 ж. КПССтаурыч жонс қыркүйек Пленумдары Қазақстші өнеркәсібіндегі жаңа салалар Ауыл шаруашмлығының дағдарысты жағдайы Тиімдідік мәселесі 1965 ж. шаруашылық реформасы

Әдістемелік нұсқау: 1965-1985 ж. Н.Хрущев кезінде елдегі саяси өмірдегі көптеген өзгерістермен ерекшеленді. Сталиннің өлімі (1953, 5 наурыз). Жоғарғы билік үшін күрес. Н.С.Хрущевтың билікке келуі. Партияның ХХ-съезі. И.Сталиннің жеке басына табынушылық саясатын сынау. Елдегі "жылымық". Партияның ХХІІ-съезі, оның шешімдерінің волюнтаристік сипаты. "Американы қуып жөтіп, басьп озу!" ұраны. «Интернацизациялау» мен демократияны шектеулі түрінің шығуы туралы айтып беріңіз.

Қазақстанның "тың және тыңайған" жерлерін игеру. Эксперименттің алғашқы нәтижелері. Оның экологиялық, зкономикалық және демографиялық салдары. Табиғи жайылымдардың жойылуы, жер қыртысының эрозияға ұшырауы. Мал шаруашылығындағы жағдай.

Экономиканы басқарудағы реформалар. Қазақстан өнеркәсібіндегі жаңа салалар. Қазақстан өнеркәсібінің шикізаттық, отарлық бағытынын тереңдей түсуі. Экономикада көптеген өзгерістер болды. 1965 ж шаруашылық реформаны сараптаңыз. Оның жақсы жақтары мен кері әсерлерін атап көрсету қажет.

8 Семинар / семинар сабағы/

8 семинар 1970-80 жж. Қазакстан

Тапсырма: Тарихи құжаттарды талдау. Реферат.

Негізгі сұрақтар: Қоғамдық саяси жағдай. Өнеркәсібі. Қазақстан - КСРО -ң ірі өнеркәсіп аймағы. Отын энергетикалык кешені Мапшна жасау өндірісінің дамуы Жұмысшы кадрлардың дамуы Қалалардың дамуы Халыктың әлеуметтік жағдайы Ұлттық қатынастар Желтоқсан окиғасының себетері Экологиялық козғалыстар

Әдістемелік нұсқау: Жоғарғы биліктегі өзгерістер. Л.И.Брежнев бастаған топтың билікке келуі. Идеологиялық саясаттағы консерватизм және экономикадағы реформалар. Қазақстан - КСРО-ның ірі өнеркәсіп аймағы. Өнеркәсіптің айқын шикізаттық бағыт алуы. Отын-энергетикалық комплексі, түсті және қара метал, химия және мұнай химиясы өндірістерінің дамуы. Өнеркәсіптегі машина жасау өндірісінің үлесі. Жұмысшы кадрлар санының өсуі, олардың әлеуметтік жағдайы. Қалалар. Урбанизация және оның салдары. Ауыл шаруашылығы. Еңбек өнімділігінің деңгейі. Тиімділік мәселесі. 70ж бастап Ресубликаның экономикасын біраз тоқтауы туралы айтып беріңіз. Кризистің пайда болу себептері мен қазақ қоғамының артта қалуын атап беріңіз.

Халықтың тұрмыс-жағдайы. Тұрғын үй мәселесі. Экологиялық дағдарыстар. Арал теңізінің тартылуы. Семейдегі ядролық қаруларды сынау полигонының зардаптары. Инфляция. Тұрмысқа қажет тауарлар дефициті.

Мәдениет және ғылым. Мәдени өмірдегі қайшылықтардың тереңдей түсуі. Мәдениеттің ұлттық негіздерінің әлсіреуі. Қазақ тілін қолдану аясының тарылуы. І.Есенберлиннің, Ә.Әлімжановтың, О.Сүлейменовтың, А.Сүлейменовтың. М.Мақатаевтың, О.Бөкеевтің, Ш.Қалдаяқовтың шығармашылық қызметі. Ғылым саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар.

1980 ж. 2 жартысындағы саяси өмірді сипаттағанда процестердің кері желерін белгілеуге тиістіміз. Бір жағыннан колониалды үрдістер арқылы экономиканың өсуі, саяси климатты қатайтты. Кризистің өрлеуі М.Горбачев негізін салған жаңа реформалар шығаруға әкеп соқты. Қайта құрудың негізгі этаптарын, декларативті сипаттайтын, реформалардың дұрысч орындалуын баяндаңыз.

1986 ж. оқиғалар КПСС-ң саяси-экономикалық жағынан қайта құрулары келмегенін көрсетеді. Желтоқсан көтерілісінің негізгі себептерін, сипатын және тарихи маңызын айтып беріңіздер.

Екінші сұрақ бойынша 1986 -1989 ж реформалардың арқасында эонмиканы көтеру сипатын көрстіңіз. Нарықтық эконмикаға көшу сипатын көрсетіңіз.

Үшінші сұрақ бойынша қайта құру процесі мен демокризация Қазақстандағы көппартиялықпен паралель жүрді. Көппартиялықтың дамуы және оның саяси өмірге ықпалын сипаттаңыз.

М.С.Горбачев (1985-1991 ж.ж.). Елді басқаруда реформаторлық бағыттың үстемдік алуы. Жариялылық.

Экономикалық реформалар. Экономикалық тәуелсіздікке бағытталған жартыкеш шаралардың іске асырылуы. Республикада экономикалық өзін-өзі басқару және өзін-өзі қаржыландыру концепциясының қалыптасуы. Экономиканы басқару жүйесіндегі өзгерістер. Одақтық басқаруға жататын мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың Қазақстан үкіметінің қарауына өтуі, т.б. шаралар.

Саяси өмірдегі өзгерістер. Республикалық басшылықта ширек ғасыр болған Д.А.Қонаевтың (1961-1986 жж.) биліктен кетуі. Оның орнына Г.В.Колбиннің (1986-1990жж.) келуі. Желтоқсан оқиғалары. Империялық, ұлыдержавалық репрессия саясатының қайта жаңғыруы. Ұлт-азаттық сананың өсуі. Алаш қозғалысы қайраткерлерінің А.Байтұрсынов, М.Дулатов, т.б. ресми ақталуы. Биресми қоғамдық қозғалыстардың ("Невада-Семей", "Азат" т.б.) өмірге келуі. Қазақстан Коммунистік партиясының өз қызметін тоқтатуы. 1990 ж. 25 қазанда Қазақ ССР-ның мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның жариялануы.

9 Семинар / семинар сабағы/

9 семинар Егеменді Қазақстан

Тапсырма: Тарихи құжаттарды талдау. Реферат.

Негізгі сұрақтар: КСРО - ның кұлау себепгері ТМД - ның кұрылуы Нарықтык экономикаға бағыт алу. Жекешелендірудің қиындықтары мен ерекшеліктері Қазакстанның экономикалык реформалары. Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның ішкі, сыртқы саясатының негізгі бағыттары «Қазақстан -2030» даму стратегиясы

Әдістемелік нұсқау: Қазақстан егемендігінің процесі қарастырылғанда, 80 жылдардағы саяси өмірді қарастыру қажет. Әкімшіл-әміршіл басқару жүйесінің дағдарысы. Орталықтың ұлт саясатына наразылықтың күшеюі. Вильнюс, Рига, Баку, Тбилиси оқиғалары. Жаңа Одақтық шартқа даярлық. 1991 жылғы тамыздағы бүлік. Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитет (ГКЧП). Кеңестер одағының ыдырауы. Беловежье кездесуі. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуы.

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентін сайлау (1991, желтоқсан). Н.Назарбаев - Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті. Республика парламентінің 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылдаған "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" заңы. Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік символдары жөнінде заңдардың қабылдануы. Кеңестердің таратылуы.

Ішкі саяси жағдай. Ұлтаралық жарасымдылық пен саяси тұрақтылық үшін күрес. Тілдер туралы заңнын қабылдануы. Ұлттық-мәдени орталықтардың құрылуы. Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайы (1992, қазан). Қазақстан халықтарының құрылтайы (1992, желтоқсан). Қоғамның идеялық ауызбірлігі - Қазақстанның үдемелі дамуының алғы шарты.

Қазақстан Коммунистік партиясының бұрынғы ауқымдағы өз қызметін тоқтатуы. Саяси аренада жаңа саяси партиялардың (Қазақстан Социалистік партиясы, Қазақстанның Халық Конгресі, т.б.) және қоғамдық қозғалыстардың ("Азат", "Желтоқсан", т.б.) пайда болуы.

Қарулы күштерді жаңа талапқа сай қайта құру. Қазақстан Республикасының қуатты әрі тиімді әскерін, әскери-әуе және соғыс-теңіз күштерін құруға бағытталған шаралар.

Нарықтық экономикаға жасалған алғашқы қадамдар. Көп укладты экономиканың қалыптаса бастауы. Ұлттық валюта - теңгенің енгізілуі. Кредит-қаржы жүйесінің, ұлттық банктің құрылуы. Қазақстан Республикасының валюта және алмаз, дербес алтын қорларының жасалуы.

Жекешелендіру процесінің және экономикадағы мемлекеттік секторға монополияны жоюдын басталуы. Ауыл шаруашылығын реформалауды, өнеркәсіптің шикізаттық бағытын жоюды, инфрақұрылымды одан әрі жетілдіре түсуді көздеген шаралар. Жаңа экономикалық жүйе қалыптастыру жолындағы қиындықтар мен қайшылықтар.

Россия және ТМД-ның басқа да елдерімен өзара сенімді және тең қатынас қалыптастыруға бағытталған шаралар. Қазақстан жаңа тарихи жағдайда біртұтас ортақ экономикалық кеңістікті сақтауды жақтаушы. Орталық Азия елдерімен өзара пайдалы жаңа сападағы қатынастардың қалыптаса бастауы. Россиямен арада экономикалық байланыстарды одан әрі дамыту.

Қазақстан ядролық қарусыз аймаққа айналу жолында. АҚШ-тан, Ұлыбританиядан, Россиядан және Қытайдан қауіпсіздік және территориялық тұтастық жөнінде кепілдік алу.

Қазақстан - әлемдік қауымдастықтың тең құқылы мүшесі. Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар ұйымына қабылдануы.

Әлемдік қауымдастықтың Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін мойындауы, Әлем елдерімен дипломатиялық қатынастың қалыптаса бастауы.

Қазақстанның халықаралық экономикалық, және қаржылық ұйымдар жұмысына араласа бастауы. Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияның тартылуы.

Ішкі және сыртқы саясатта ұзақ мерзімді приоритеттер мен стратегиялық мақсаттарды айқындау Қазақстан Республикасының әлемдік мемлекеттер қауымдастығына кіруіне жол ашты. Бұл процестің этаптарын, халықаралық дәрежеде Қазақстанның болуы, оның сыртқы саясаттағы концепцияларын көрсетіңіз.Қазақстанның символдарының маңызы мен мағынасын айтып беріңіз. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауларындағы мәселелерге көбірек мән беру қажет. Қазақстан дамуының жаңа кезеңінің 10 негізігі міндеттеріне көңіл аударыңыз. Келесі сұрақты қарастырғанда жаңа кезеңнің негізігі міндеттерін шешудің саяси жүйенің дамуындағы бағытын қарастыру керек. Демоктариялық реформа дамуының негізгі бағыттарын ашып, негізгі міндеттерді анықтаңыз. Әлемдік қауымдастықтың Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін мойындауы, Әлем елдерімен дипломатиялық қатынастың қалыптаса бастауы. Қазақстанның халықаралық экономикалық, және қаржылық ұйымдар жұмысына араласа бастауы. Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияның тартылуы.

Ішкі және сыртқы саясатта ұзақ мерзімді приоритеттер мен стратегиялық мақсаттарды айқындау.

1   2   3   4

Похожие:

Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі icon2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі iconЖарғы Мемлекеттік оқу орны №205 қазақ орта мектебі
Білім беру мекемесіне жатады. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ііі «Білім туралы»Заңы негізінде қызмет атқарады....
Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Л. Н. Гумиелев атындағы Еуразия ұлттық университеті 2013 жылдың 10 сәуірінде өтетін студенттер, магистранттардың және жас ғалымдардың...
Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі iconМахмұтов Серік Қапанұлы Қазақ шаруаларын отырықшылыққа көшірудегі мемлекет саясаты (ХХ ғ. 20-30-шы жж.)
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының...
Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі icon5В030100 «Құқықтану» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы
Университет 5В030100 – Құқықтану мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы...
Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі iconДиссертациялық кеңес туралы ереже
Осы Диссертациялық кеңес туралы ереже Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 31. 03. 2011 жылғы №126 және №127 бұйрықтарына,...
Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет...
Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет...
Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Бухгалтерлік есеп – білім саласы, жоғарғы оқу орнындарында оқытылатын ғылыми пән
Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі

Разместите кнопку на своём сайте:
kaz2.docdat.com


База данных защищена авторским правом ©kaz2.docdat.com 2013
обратиться к администрации
kaz2.docdat.com
Главная страница