3. Облыс орталығында тұрғын үй тапшылығы мәселесін шешу мақсатында Васильковка ықшам ауданында бес 30 пәтерлі ипотекалық тұрғын үйлер – тұрғын үй кешенінің




Скачать 276.11 Kb.
Название3. Облыс орталығында тұрғын үй тапшылығы мәселесін шешу мақсатында Васильковка ықшам ауданында бес 30 пәтерлі ипотекалық тұрғын үйлер – тұрғын үй кешенінің
Дата конвертации19.11.2013
Размер276.11 Kb.
ТипДокументы
Сонымен бірге, ағымдағы жылы қол жеткен негізгі қорытындыларды ұсына отырып, облыс тұрғындарын толғандырған өзекті мәселелерді шешу барысы туралы хабардар етпекшімін.

1. Облыс орталығын өзіндік энергия, жылу және жыл бойғы орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында Көкшетау қаласында қазір мемлекеттік сараптамада жатқан жылу электр орталығы құрылысының техникалық экономикалық негіздемесі әзірленді.

Бұл жоба Мемлекет басшысымен қолдау табылғанын ескере отырып, біз алдағы уақытта оны қаржыландыру мәселесі өз шешімін табады деп есептейміз.

2. Облыстың елді мекендерін газдандыру бойынша іс-шаралар аясында 2012 жылдан бастап Аршалы ауданы Жібек жолы ауылын автономды газбен жабдықтау құрылысы бойынша 1 миллиард 900 миллион теңгенің пилоттық жобасын іске асыру бастау алды. Қазірдің өзінде негізгі жұмыс көлемі орындалып, оны 2014 жылы іске қосу жоспарланып отыр.

3. Облыс орталығында тұрғын үй тапшылығы мәселесін шешу мақсатында Васильковка ықшам ауданында бес 30 пәтерлі ипотекалық тұрғын үйлер – тұрғын үй кешенінің құрылысы бойынша ірі жобалар қолға алынды. Қопа көлі жағалауы ауданында өз коммуникациясы және әлеуметтік инфрақұрылымдары бар, суға шомылу – демалу жағдайы жасалған 6 тұрғын үй кешенін іске қосу қарастырылатын құрылыстарға жер телімдерін дайындау жүргізілді.

4. Щучинск-Бурабай курортты аймағын 2012-2013 жылдарда дамыту бойынша іс-шаралар жоспары жүзеге асырылуда. Бурабай кентінде 2,4 миллиард теңге қаржы бөлінген тазалау құрылғылары, су тарту желілері мен қазандықтар салу, жолдарды жөндеу бо-
йынша жұмыстар бастау алды. 2013 жылғы республикалық бюджетті нақтылау кезінде жолдарды қайта жаңартуға және жөндеуге, сумен жабдықтау және су тарту желілері құрылысы бойынша жобаларды әзірлеуге қосымша 3,4 миллиард теңге қаржы бөлу туралы біздің ұсынысымызға қолдау білдірілді.

Осынау бірегей аймақты дамытудың маңызын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Н.Ахметовтың, оның ағымдағы жылдың маусымында Ақмола облысына жұмыс сапары кезіндегі тапсырмасы бойынша қазіргі уақытта алдағы үш жылға іс-шаралар жоспары әзірленуде. Онда инфрақұрылымдарды дамыту және демалушыларға жағдай жасау мәселелері жан-жақты назарға алынатын болады.

5. Астана қаласы маңайындағы елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011-2014 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру үшін 2011-2013 жылдары 29 миллиард теңге қаржы бөлінді, оның ішінде 3 миллиард 300 миллион теңгесі жергілікті бюджеттің қаржысы болып табылады.

Қабанбай батыр және Жібек жолы
ауылдарында 2 бала бақша және Қоянды және Талапкер ауылдарында орта мектептер іске қосылды. Қосшы, Қоянды, №96 разъезд және Талапкер, Тайтөбе мен Қажымұқан ауылдарында 6 бала бақша, Қараөткел, Қосшы, №96 разъезд, Тайтөбе және Қызылжар ауылдарында 5 орта мектеп, Ақмол ауылында емхана, Қажымұқан, Қаражар және Қызылжар ауылдарында медициналық пункттер салынуда.

Ақмол ауылында сумен жабдықтау және канализация жүйесіне күрделі жөндеу жүргізіліп, 36 пәтерлі екі үй
салынды. Орталық қазандық пен жылумен жабдықтау желілері құрылысы, Оразақ
ауылынан магистральды су құбыры желісін қайта жаңарту және жаңа құрылыс ауданын сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы жалғасуда. Жол жөндеу жұмыстары да басталды. Қосшы ауылында инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту бойынша жобаларды жүзеге асыру жалғасын тапса, Қоянды, №96 разъезд, Қабанбай батыр, Максимовка, Шұбар, Жібек жолы, Бозайғыр, Жалтыркөл және Қостомар елді мекендерінде электр және сумен жабдықтау желілерін жаңарту, жол жөндеу бастау алды.

Біз әрбір елді мекенді жүйелі дамытуды ескере отырып, Кешенді жос-парды іске асыруға жан-жақты келдік. Ағымдағы жылы Қоянды ауылы мен №96 разъездің қажетті инфрақұрылымдарын қамтамасыз ету мәселесі толық шешілетін болады. 2014 жылы елді мекендердің болашағын ойлай отырып, әсіресе, тұрғындардың едәуір өсуі байқалатын ауылдарға назар аударылады, бұған Целиноград ауданының Ақмол, Қосшы, Қараөткел, Талапкер, Тайтөбе, Аршалы ауданының Жібек жолы және Шортанды ауданының Бозайыр ауылдары жатады.

Одан әрі бұл мәселе салалық бағдарламалар аясында, сондай-ақ, Астананы агломерациялауды дамыту негізінде шешілетін болады. Алдағы «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуге байла-
нысты да олардың рөлі артып келеді. Бүгінгі таңда көрме павильондарын орналастыру, жол жиегіндегі инфрақұрылымдар, эко және этно қа-лашықтарды салу үшін жерлерді анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

(Жалғасы. Басы 1-бетте).

6. Көкшетау қаласын көркейту және бет-бейнесін жақсарту бойынша көлемді жұмыстар жалғасуда. 2012 жылы бұл мақсатқа 6 миллиард 700 миллион теңге инвестицияланды, 2013 жылы тағы 4 миллиард 500 миллион теңге жоспарланып отыр.

Абылай хан даңғылы мен Сүлейменов көшесі қиылысындағы скверді абаттандыру аяқталды, Абай көшесін, «Новопэк» серіктестігінен айналма жолға дейінгі Уәлиханов көшесі бөлікшесін күрделі жөндеу, Абай көшесі бойында ту тұғырнама орнату аяқталса, мешіт, теннис корты, Достық үйі құрылысы жалғасып және аулалық аумақтарды көркейту жалғасын табуда. «Даңқ» аллеясын көркейту жоспарланады.

Облыс орталығында жүргізілетін барлық іс-шаралар ең шалғай ауылдар мен кенттерге дейін қоса алғанда, облыстың қалған өңірлерін дамыту үшін айқын мысал болып табылады.

7. Қазақстанның 27 шағын моно қалаларының өмірлік маңызын және әлеуметтік инфрақұрылымдарын қосымша қолдауды қарастыратын дамыту бағдарламасына Степногорск қаласы да енгізілді. Ағымдағы жылы осы мақсатқа 4 миллиард 500 миллион теңге қаржы бөлінді. Бұл Сілеті–Степногорск қаласының магистральды су құбырын және сорғыш станцияны, қаланы, Ақсу, Заводской, Бестөбе кенттері мен Новокронштатка селосын сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін қайта жаңартуға (2,7 миллиард теңге), қаланың жол жүйесі жағдайын жақсартуға (818 миллион теңге), орталық алаңдарды көркейтуге (342 миллион теңге), әлеуметтік сала нысандарын күрделі жөндеуге және олардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға (250 миллион теңге) бөлінді.

8. Красногорск кенті тұрғындарын басқа жерге қоныстандыру мәселесі де кезең-кезеңмен шешілуде. Ағымдағы жылы кентте тұратын 168 отбасының 74-іне Есіл қаласына көшіру үшін ордерлер тапсырылды. Бұл мәселені түбегейлі шешу үшін Есіл қаласында 73 пәтерлік тұрғын үй құрылысы басталып, Калачи селосында он 2 пәтерлі үйлер құрылысына құжаттамалар әзірленді.

***

Жалпы облыста әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдай тұрақты. Ағымдағы жылдың жеті айында ауыл шаруашылығының жеке көлем индексі 106,6, өнеркәсіп өнімінің индексі – 96,3 пайызды құрады. Облыс экономикасына 52 миллиард теңгеден астам инвестиция салынды немесе бұл өткен жылғы деңгейдің 81 пайызы болып отыр.

Тұтыну бағасының индексі 102,7 пайызды құраса, саудадағы көлемі – 9, байланыс қызметінде – 8 пайызға өсті. Енгізілген тұрғын үйдің жалпы көлемі 38 пайызға артты.

Барлық артта қалған бағыттар бойынша жылды табысты аяқтау үшін жағдайды жақсартуға шаралар қолданылады. Осыған байланысты мен өңірлер әкімдері мен облыстық басқармалар басшылары алдына қойылатын басым міндеттерге назар аударуды жөн көрдім.

Ең алдымен, бұл Мемлекет басшысының бақылауында тұрған: үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту, «Агробизнес-2020», «Бизнестің жол картасы-2020», «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту-2020», «Ақбұлақ», «Қолжетімді тұрғын үй-2020», «Еңбекпен қамтудың жол картасы-2020», білім мен денсаулық саласын дамытудың мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру.


Ауыл шаруашылығы

Бүгінгі таңда өңір аграршылары алдағы астық жинау науқанына толық дайын. Машина-трактор паркі, 57 лицензияланған 3,9 миллион тонна астықты сақтаудың жалпы сыйымдылықтағы астық қабылдау кәсіпорындары дайындалды. Оған қоса облыстың шаруашылықтарында 1,9 миллион тонна көлемінде астық сақтау мүмкіндігі бар. Бұл жоспардағы жиналатын астықтың сақталуын толық қамтамасыз етеді. Жанар-жағар май материалдарына келісім-шарттар жасалып, қазір тасымалдау жүргізілуде.

Биыл 4 миллион 200 мың гектар алқаптан дәнді және бұршақ дақылдас өнім жинау жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта астық дақылдары егістігінің 76 пайызы жақсы, 24 пайызы қанағаттанарлық жағдайда. Ауа райы болжамы бойынша гектарынан кемі 12 центнерден орташа түсіммен 5,2 миллион тонна астық жинау күтіліп отыр. Ағымдағы жылы егін шаруашылығын диверсификациялау бойынша және монодақылдардан алшақтау аясында басым дақылдар алаңдары – майлы 33 пайызға (251 мың гектарға дейін), көкөніс – 4 пайызға (5 мың гектарға дейін), азықтық – 1,5 есеге (208 мың гектарға дейін) көбейтілді.

Аудан әкімдеріне межеленген мерзімде астық жинауға кірісіп, оны дер кезінде аяқтауға барлық шараларды қабылдауға тапсырма беремін. Облыста егін шаруашылығын дәстүрлі дамытумен бірге еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бір сала ретінде мал шаруашылығын өркендетуге де барынша назар аударылады. Ірі-тауарлы өндірістің тиімділігін ескере отырып, 11 мың ірі қара мал басы ұсталатын осы заманғы 3 ірі бордақылау алаңдары, 1,5 мың басқа арналған етті бағыттағы 4 жаңа шаруашылық-репродуктор және 5,3 мың басқа арналған сүт бағытындағы 3 өндіріс орындары іске қосылды. Оған қоса 500 басқа дейінгі малды бордақылайтын 14 ұсақ және орта бордақылау алаңдары, 16 асыл тұқымды шаруашылық-репродукторлар бар.

Бұл бағытта да жұмыстар жалғасуда. Жыл аяғына дейін Астрахан ауданында 2 шаруашылық-репродуктор және Целиноград ауданында өндірісі аяқталған сүт-тауарлы ферма іске қосылатын болады. Сондай-ақ, әр әкімге жыл аяғына дейін 150-ден 200 басқа арналған бір-бірден сүт-тауарлы фермалар және бордақылау алаңдарын ұйымдастыру міндеті қойылып отыр, олар жыл қорытындысы бойынша бұл жөнінде есеп беретін болады.

2010 жылдан бастап облыста асыл тұқымды малды көбейту мақсатында шет елдік селекцияланған етті бағыттағы 12 мың бастан астам жоғары өнімді ірі қара мал әкелінді. Бұл мал басын көбейтуге және мал шаруашылығы өнімін өндіруге барынша назар аударылып отырғанын көрсетеді.

Ірі қара мал басы – 8, сиыр түлігі – 14, қой мен жылқы – 7, ет өндіру – 9, сүт пен жұмыртқа – 6 пайызға көбейді.

Аталған бағытты дамытуға жоғары өнімді мал сатып алуға шағын несиелендірудің және «Сыбаға» бағдарламасының қолжетімділігі ықпалдасады. Аталған бағдарлама бойынша 14,2 мың бас асыл тұқымды мал (13,7 мың ұрғашы
сиырлар, 492 асыл тұқымды бұқалар), оның ішінде ағымдағы жылы – 2,7 мың бас сатып алынды. Мал сатып алу бойынша жоспар облыстың барлық аудандарымен орындалды. Аталған бағдарламаға қатысуға Ерейментау, Зеренді, Атбасар, Еңбекшілдер, Жарқайың және Қорғалжын аудандары белсенді атсалысты.

Өкінішке орай, көрші облыстармен салыстырғанда, бөлінген несиелердің көлемі сияқты сапасы бойынша да едәуір артта қалушылық байқалады. Мәселен, облыстың шағын несиелеу ұйымдарымен 2013 жылдың І тоқсанында 19 миллион теңгенің 29 несиесі берілсе, ал, көрші Солтүстік Қазақстан облысында 280 миллион теңгенің 286 несиесі (15 есе артық), Қостанай облысында 141 миллион теңгенің 700-ден астам несиесі (7,4 есе артық) бөлінді.

Осыған байланысты аудан әкімдеріне ауыл тұрғындарын еңбекпен қамтуды қамтамасыз етудің ең бір нақтылы жолы ретінде шағын несиелеу жүйесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қолдауды пайдалану бойынша жұмыстарды жандандыруды тапсырамын.

Мал шаруашылығын дамытудың басымдығын ескере отырып, жеткілікті азықтық базаны жасауға ерекше назар аударылады. Бүгінгі күнге дейін азықтың жылдық қажеттілігі (814 мың тонна немесе жылдық қажеттіліктің 105 пайызы) дайындалды. Азықтық дақылдар алаңдарын 1,5 есеге көтеру және ауа райының қолайлы жағдайын пайдалану арқылы ағымдағы жылы өңір әкімдері алдына екі жылдық қорды қамтамасыз ету бойынша міндеттер жүктелді. Осылайша барлық ірі қара малдың 70 пайызына жуығы шоғырланған үй шаруашылығын қолдауға мүмкіндік туды.

Астана қаласы айналасында азық-түлік белдеуін жасау аясында Елорда тұрғындарын тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету үшін 2009 жылдан бастап облысымызда 48 миллиард теңгенің 75 жобасы іске асырылды. Бұл 2012 жылы Астана қаласын етпен – 43, оның ішінде сиыр етімен – 53, сүт және сүт өнімдерімен – 38, жұмыртқамен – 97, өсімдік майымен – 5, картоппен 77 пайыз қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Ағымдағы жылы қазір облыстық әкімдіктің тұрақты бақылауында тұрған 13 миллиард теңгеден астам соманың 16 жобасы іске асырылуда.


Өнеркәсіп

Индустриалдық секторда жалпы өнім көлемі (ИФО) түрлі себептерге байланысты 96,3 пайызға төмендеді. Мұндай жағдай Степногорск қаласындағы тау-химия комбинаты мен подшипник зауыты сияқты екі кәсіпорынға қатысты орын алды.

Көптеген ірі кәсіпорындарда («Тыныс», «Өркен-Атансор», «Натур-Продукт», «Енки», «Семізбай-U», «Айбат», «Altyntau Kokshetau», «Қамқор-Локомотив», «Казшпал», «КамАЗ-Инжиниринг», «Қазақалтын» тау металлургия комбинаты және тағы басқалары) өткен жылмен салыстырғанда өнім көлемі 5,5 миллиард теңге құрағанымен, мұның өзі артта қалған осы екі кәсіпорынның 6,5 миллиард теңгесін жаба алмады.

Жағдайды жақсарту мақсатында подшипник зауытының басшылығымен Ресей компаниясының жабдықтарына көшу есебінен өндіріс қуатын ұлғайту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді, «ҚазАтомПром» тау-химия комбинатына қосымша 350 тонна шикізат алуға келісім-шарт жасалды және қосымша 350 тонна алу мәселесі қарастырылуда. Тендер кеш жарияланғандықтан, құрылыс индустриясының мүмкіндіктері толық көлемде пайдаланылмады. Соның салдарынан асфальт бетон кәсіпорындары мен қиыршық тас зауыттарында құлдырау орын алды. Жыл аяғына дейін жағдайды екінші жартыжылдыққа жоспарланған автожолдарды жөндеу мен қайта жаңғырту есебінен қалпына келтіреміз деген ойдамыз. Бұл жұмыстарды атқаратын «Көкшетау жолдары» Жарқайың, Сандықтау, Аршалы аудандарындағы «Арқа-К», «АБК-Автодор НС», «Жаңа жол» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен басқа да мердігерлік ұйымдар анықталды.

Өнеркәсіп өнімдерінің қосымша көлемін жаңа өндіріс орындары есебінен ұлғайтуды көздеп отырмыз. Мәселен, «СП «Sareco» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2,5 миллиард теңгенің 566 тонна сирек жер концентратын дайындауды, «Вектор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 3,7 миллиард теңгенің 166 «Vector 410 KZ» маркалы комбайн құрастыруды қолға алды. «ҚазАтомПром» күкірт қышқылы зауыты 300 миллион теңгенің 200 мың тонна өнімін өндірмекші.

Біздің облыстағы 60-тай ұн тарту кәсіпорындарының мүмкіндіктері зор. Қазіргідей ауа райының жайлылығы астықтан жақсы өнімін алуға үміттендіріп отыр.

Тұтастай Индустрияландыру картасының шеңберінде 33 жоба, оның ішінде биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында «Новопэк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде полипропилен қаптарын шығару цехын жаңғырту және Көкшетау қаласындағы «Два кита» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі жиһаз цехы жобалары жүзеге асырылды. Жыл аяғына қарай тағы да Астрахан, Ақкөл аудандарында құс фабрикалары, Бұланды ауданында ұн тарту кешені, Степногорск қаласында күкірт қышқылы зауыты, Қорғалжын ауданында мал бордақылау кешені, Целиноград ауданындағы «Родина» агрофирмасында жел энергиясы қондырғысы, Еңбекшілдер ауданында құрылыс цемент зауы-
ты сияқты қуаттылығы жоғары өндіріс орындарын іске қосу жоспарланған. Алайда, Индустрияландыру картасына жататын кәсіпорындардың ішінде өндірістік жоспарларын орындай алмай отырғандықтары да баршылық.

Сондықтан да кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы
аудандар мен қалалар әкімдерінің
алдына өндірістің жобалық қуатында жұмыс істеуін қамтамасыз етуде белсенділік танытуды, өнеркәсіп өнімдері көлемінің артуына ықпал ету міндетін қойып отырмыз.


Кәсіпкерлік

Облыс бойынша 29 мыңдай шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері белсенді түрде жұмыс істеуде. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 99,2 пайызды құрайды. Олардың күшімен 160 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, қызметі көрсетілді. Сөйтіп, жалпы өнім көлемі 100,3 пайызды құрады.

Еңбекпен қамту 3,5 мыңнан (3,1 пайыз) асып, 115,5 мың адамды немесе экономикалық жағынан белсенді халықтың 27 пайызын құрады. Өндірістік салада қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындар санының 48 пайыздан 51 пайызға дейін оңтайлы өсіп отырғандығы көрініс табуда. Бұл күнде облыстың барлық өңірлері «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыруға іскерлікпен ат салысуда. Үш жарым жыл ішінде осы мақсатқа 3 миллиард 800 миллион теңге бөлінді. Өңірлік үйлестіру кеңесімен 194 жоба мақұлданып, оның 26-сы өндірістік инфрақұрылымдарды дамытуға бағытталды.

Алайда, ағымдағы жылы осы бағдарлама бойынша пайыздық ставкамен субсидиялаудың қаржы тапшылығы сезілуде. Мұның өзі инфрақұрылымның жетіспеушілігін аңғартады. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, аудандар мен қалалар әкімдері ендігі жерде осы бағыттар бойынша нақтылы қажеттіліктер есебінен 2014 жылға арналған бюджеттік тапсырыстарды қалыптастыруды дұрыс реттеу мен жұмысты ширату қажет.


Негізгі капиталдағы
инвестициялар

2013 жылдың 7 айындағы инвестиция көлемі 52 миллиард теңгені құрады немесе өткен жылмен салыстырғанда 81 пайыз болды. Инвестиция құрылымында айтарлықтай көлем кәсіпорындардың меншікті қаржысына – 51 пайыз, республика бюджетіне – 25 пайыздан келеді.

Индустрияландыру картасы бойынша кәсіпорынның меншікті қаржысы есебінен күкірт қышқылы зауыты, екі цемент зауыты мен бордақылау алаңы және құс фабрикасының құрылысы жүргізілуде. Жаңа инновациялық бағыт шеңберінде баламалы энергия қуатын құру үшін жел энергиясы қондырғысы құрылысының жобасы жүзеге асырылуда.

Мемлекет басшысының тапсырмасына орай бюджет қаржысы есебінен инвестицияның мол үлесі республикалық масштабтағы екі бағдарлама – Щучинск-Бурабай курортты аймағы мен Астана қаласының іргесіндегі елді мекен пункттерін дамытуды жүзеге асыруға бағытталған.

Ағымдағы жылы негізгі атқарылатын құрылыс жұмыстары екінші жартыжылдыққа белгіленген. Алты мектеп пен 6 бала бақшасы, Көкшетау қаласында Достық үйі, Ақмол ауылында емхана, 3 медициналық пункт, 263 мың шаршы метр тұрғын үй, моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша жобалар, «Астана-Петропавл», «Астана-Қарағанды» бағыттарындағы автомобиль жолдары учаскелері салынбақшы.

Облыс бойынша жекеменшікті инвестиция тарту жөнінде белсенді жұмыс жүргізілуде. «Есіл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы жанында инвестицияларға қызмет көрсету орталығы құрылды.

Ағымдағы жылдың қазан айында халықаралық инвестициялық форум өткізу жоспарланған. Ондағы мақсат – біздің облыстың инвестициялық мүмкіндіктерін ұсыну, облыс аумағында қазіргі заман талабына жауап беретін жаңа өндіріс орындарын құру үшін ауқатты инвесторларды тарту болып табылады. Мұндай шараларды алдағы уақытта тұрақты өткізіп тұруға ұмтыламыз.

Қолжетімді баспана – 2020

Біздің облыс «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді түрде атсалысуда. Бүгінгі таңда 11 мыңға жуық отбасы жалға берілетін баспанаға мұқтаж болса, оның 1 мыңнан астамы жас отбасылар.

Биылғы жылы «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы шеңберінде 263 мың шаршы метр тұрғын үйді іске қосу көзделсе, оның 165 мыңы жекеменшікті құрылыс, 11 мыңы – жалға берілетін тұрғын үй, 7 мыңы – жас отбасыларға арналған жалға берілетін тұрғын үй, 6 мыңы – тұрғын үй жинақ банкі жүйесі бойынша ипотекалық баспана, 75 мыңы – коммерциялық тұрғын үй болып табылады. Өткен жылмен салыстырғанда тұрғын үй құрылысын салу 6 пайызға өсіп отыр. Жалға берілетін тұрғын үйді 135 жас отбасы алатын болса, жалпы кезекте тұрғандары – 284 отбасы. Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі жүйесі бойынша несиелік тұрғын үй алатындар саны – 90 отбасы. Мұнымен қоса Көкшетау қаласында 108 жас отбасы, әлеуметтік жағынан аз қорғалған 153 отбасы кезектері бойынша, ал, 90 отбасы тұрғын үй құрылысы жинақ банкісі жүйесінен өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартпақшы.

Көкшетау қаласы бойынша кезекке тұрғандар тізімі қала әкімінің сайты мен қалалық газеттерде жарияланды және деректер үнемі жаңартылып отырылады.

Облыс бойынша жыл басынан бері 108 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 38 пайызға жоғары.

Сондықтан тұрғын үй бағдарламасын табысты жүзеге асыру үшін аудандар және қала әкімдеріне жер учаскелерін есепке алуды және инженерлік инфрақұрылымды дайындау, жобалық-сметалық құжаттар мен типтік жобаларды әзірлеуді қамтамасыз ету қажет.

Осы бағытты дамытуда өзіндік құрылыс материалдарымен қамтамасыз етудің маңызды рөл атқаратындығын айтқым келеді. Облыс аумағында бірқатар кірпіш зауыттары жұмыс істейді. Құрастырылмалы үй құрылысына арналған темір бетон бұйымдарын дайындайтын зауыттардың өнімдері құрылыс қарқын арттыруға зор септігін тигізетіні сөзсіз. Осы орайда, Көкшетау қаласында салынып жатқан үй құрылысы комбинатын 2014 жылы іске қосу көзделіп отыр.


Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

Коммуналдық жүйенің тозығы жеткендіктен, бұл саланы сауықтыруды кезең-кезеңімен жүзеге асыру көзделген. 2020 жылға дейін жыл сайын орта есеппен 34 қазандық күрделі жөндеуден және қайта жаңартылады, 30 шақырым жылу трассасы мен 235 шақырым сумен жабдықтау жүйесі қалпына келтіріліп отырылады. «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету басты міндет саналса, ағымдағы жылы осы мақсатқа 8 миллиард 600 миллион теңге, оның ішінде облыстық бюджеттен 1 миллиард 200 миллион теңге бағытталып отыр. Осы жолы істелетін және апатты жағдайдағы су құбырларын қалпына келтіруге басымдық беріледі.

Бірінші кезекте сумен жабдықтау нысандарының құрылысы мен жаңғырту жөніндегі ірі жобаларды жүзеге асыру жұмыстары одан әрі жалғасады және Степногорск қаласындағы су тарату жүйесінің құрылысына 2 миллиард 700 миллион теңге бөлінді. Щучинск-Бурабай курортты аймағы жобасына бөлінген 1 миллиард 900 миллион теңге қаржыны игеру қолға алынды. Жалпы ауыз сумен қамтамасыз етуді жақсарту шараларына 33 ауылдық елді мекен мен 3 аудан орталығы қамтылған.

Орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуде ауыл тұрғындарының үлесін биылғы жылы 54 пайыздан 57 пайызға дейін көбейту жоспарланған. Бұл көрсеткішті 2020 жылға қарай 80 пайызға жеткізу үшін 24 елді мекенде ауыз судың қорына жүргізілген барлау жұмыстары аяқталуға жақын және осындай тағы да 40 жоба қолға алынбақшы.

Осы орайда, аудан және қала әкімдері нысандарды дер мерзімінде іске қосумен қатар, оларды дұрыс пайдалануды, апатты жағдайларды болдырмаудың және қатердің алдын алуы-на бақылау жасауды қамтамасыз етулері қажет. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасында тұрғын үйлер қорының жағдайын жақсартуға зор мүмкіндіктер қарастырылған. Алайда, біздер оны толықтай жүзеге асыра алмай отырмыз. Көкшетау қаласында ғана ескіріп, тозған көп пәтерлі тұрғын үйлер (843) 60 пайыз құрайды.

Ағымдағы жылы көп пәтерлі тұрғын үйлердің дайын болмауы, нысандарға кондоминимумдық тіркеу жүргізілмеуі, ПИК басқару органдарының құрылмауы себепті жөндеуге қаржы бөлінген жоқ. Сондықтан да, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының басқармасы аудандар мен қала әкімдерімен бірлесе отырып көп пәтерлі тұрғын үйлер қорына қатысты мәселелерді байыпты қарастырулары қажет. Бұл жұмысқа атүсті қараған әрбір әкімнен жауапкершілік қатаң сұралатын болады.


(Соңы. Басы 1,2 беттерде)

Қысқы жылу беру маусымына тоқталар болсақ, оған дайындықтың барлық шаралары көрсетілген мерзімде аяқталатын болады. Қалалар мен аудандардың коммуналдық шаруашылық нысандарына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 5 миллиард теңге бөлінді. Жылумен жабдықтау жөніндегі 1,3 миллиард теңгенің 11 жобасы жүзеге асырылуда. Электрмен жабдықтау жөніндегі 11 жобаның құны 2,7 миллиард теңгені құрайды. Бұл жобалар 14 елді мекен мен 5 қала тұрғындарының тұрмыстық жағдайын жақсартуға септігін тигізбекші.

Ағымдағы жылы өткен жылмен салыстырғанда, жөндеу жұмыстарының қарқыны жоғары. Қазірдің өзінде қазандықтың 79, жылу трассасының 61, сумен жабдықтау және су тарату жүйелердің 67 пайызы жөнделді. Білім беру нысандары – 83, денсаулық саласы – 80, ал тұрғын үйлер – 44 пайызға дайындалды. Отынның айлық қажеттілігі 62 пайызға дайын етілді.

Осы орайда, тұтынушылардың коммуналдық қызметке берешектері 1 миллиард 600 миллион теңгені құрап отырғанын айтып өткім келеді. Осы қаржымен отынның қажетті мөлшерін сатып алуға болар еді. Ең көп берешек Көкшетау (945 миллион теңге), Степногорск (301 миллион теңге) қалалары мен Бурабай аудандарында (243 миллион теңге) болып тұр.


Жолдар

Жергілікті жүйедегі автокөлік жолдарының тозуы ескеріліп, бюджеттік қаржыландырудың басым бағыты олардың сапасын жақсарту шарасына арналды. Бұл проблеманы кезең-кезеңмен шешу шеңберінде бірінші кезекте Щучинск-Бурабай курортты аймағы, Астана маңындағы елді мекендер, Көкшетау мен Степногорск қалалары, аудан орталықтары мен маңызды елді мекендердің жолдарын дамытуға назар аударылады.

2013 жылы жергілікті автокөлік жолдарының құрылысына және жөндеудің барлық түріне 9 миллиард 300 мил-
лион теңге,
оның ішінде облыстық бюджеттен 1 мил-
лиард 800 миллион теңге
бөлінді. Облыстық жолдардың 126 шақырымында қалпына келтіру, күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Барлық жұмыстар көзделген мерзімге сәйкес атқарылуда. Жөндеу жұмыстарының сапасына сын айтушыларға байланысты жолды пайдалану мерзімін ұзартатын осы заманғы технологияны міндетті түрде қолдануды есепке алып, мердігерлер таңдауда және олар жүргізетін жұмыстың сапасын бақылауда тапсырыс берушілер мен конкурстар ұйымдастырушылардың жауапкершілігі артты.


Тұрғындарды жұмыспен қамту

Нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету маңыздылығын есепке алып, жыл басынан бері экономиканың барлық саласында 7 мың жаңа жұмыс орыны ашылды. Оның 61 пайызы (4,3 мыңы) тұрақты жұмыс болып табылады. 2013 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасына 3 мыңнан астам адам қатысады.

Бірінші бағыт бойынша 1651 адамды қамту көзделіп отыр. 968 адам кәсіптік білім алады және қайта даярлаудан өтеді. 403 адам әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылады. 280 адам жастар тәжірибесіне жіберіледі. Екінші бағыт бойынша 258 адамды бизнес негізіне оқыту және өз ісін ашу немесе ұлғайту үшін бағдарламаның 568 қатысушысына шағын несиелер беру көзделген. (2013 жылы шағын несиелендіруге 999,5 мил-
лион теңге бөлінді). Бүгінгі күні 176 қатысушы (68,2 пайызы) оқытылды. 140 адамға шағын несие берілді.

Жаңа бағыт шеңберінде әлеуметтік және өмірлік маңызы зор инфрақұрылымдардың нысандарында 2 миллиард 500 миллион теңгенің жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл тек қана олардың жағдайын жақсартып қоймай, қосымша 1200-ден артық адамды жұмыспен қамтамасыз етеді.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы, аудандар мен қалалар әкімдері жоспарланған барлық шараларды нәтижелі жүзеге асыру үшін міндетті түрде:

– Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындарды бағдарламаны жүзеге асыруға көптеп тартуды қамтамасыз ету. Олардың саны 170 мың адамды немесе жұмыспен қамтылған тұрғындардың 40 пайызын құрайды;

– Мамандарға қажеттіліктің нақты зерттеуін жүргізу. Оның ішінде Индустриаландыру картасы, Азық-түлік белдеуі, Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мемлекеттік бағдарламасы мен «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын жүзеге асыруды есепке алу керек. Барлық білім алғандарды міндетті түрде жұмысқа орналастыру қажет.


Білім беру

Мектепке дейінгі білім беруді дамытуда жаңа мектепке дейінгі ұйымдарды ашу қарқыны жеткіліксіз екенін атап өту қажет. Бірінші жартыжылдықта қосымша орындар тек қана 40 орындық 3 шағын орталық ашу және 460 орындық жұмыс істейтін 19 мектепке дейінгі ұйымды ұлғайту есебінен ашылды.

Жұмыстардың негізгі көлемі 2 жартыжылдықта қарастырылып, 3 мың орындық 29 мектепке дейінгі ұйым – 10 бала бақшасы, 19 шағын орталық ашылмақшы. Балаларды бала бақшамен қамтамасыз етуді 54 пайыздан 58 пайызға дейін арттыру қажет. Кешенді жоспарға, сондай-ақ, аумақты дамыту бағдарламасына енгізілген бұл көрсеткішті орындау үшін жоспарланған барлық нысандарды уақытында пайдалануға беруді қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ, осы бағытта мектепке дейінгі білім беру жүйесін көбейту мәселесімен және мемлекеттік жекеменшік серіктестігі шеңберінде жұмыс істеу керек.

Биылғы жылы облыстағы мектеп түлектерінің ҰБТ-дан алған орташа балы 70,3 балды (Қазақстан Республикасы бойынша 74,5 балл) құрады. Бұл былтырғы жылғы көрсеткіштен 1,4 балл төмен. ҰБТ-дан алған төмен балға ықпал еткен факторлардың бірі – облыстағы шағын комплекті мектептердің (82 пайыз) үлкен үлесінен болып отыр. Олардың базасында сапалы оқумен қамтамасыз ету мүмкін емес. Сондықтан, мектептерді қайта құрылымдау мәселесі туындайды. Мұндай мектептер Еңбекшілдер (97 пайыз), Зеренді (95 пайыз) және Сандықтау (91 пайыз) аудандарында орналасқан. 2013-2020 жылдардың шаралар жоспарында оларды кезең-кезеңмен қайта құрылымдау қарастырылған.

Сапалы оқу процесіне жағдай жасау мақсатында жаңа түрлендірме кабинеттерін сатып алу мәселесін шешу қажет. Бұл кабинеттермен облыс мектептерінің тек қана 30 пайызы қамтамасыз етілген. Мектептердің оқу-материалдық базасын құру мәселесі аудандар мен қалалар әкімдерінің құзырына тікелей қатысты болғандықтан, жаңа түрлендірме пәндік кабинеттерімен салалы мектептерді қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен қаражат қарастыруды тапсырамын. Биылғы жылы жоспарланған 57 пайыз көрсеткішке қол жеткізу үшін оны арттыруға төмен қамтамасыз етілген Зеренді (15 пайыз), Астрахан (15 пайыз), Сандықтау (19 пайыз), Ерейментау (22 пайыз) және Атбасар (23 пайыз) аудандары мүмкіндік іздеу қажет.

Бұл міндетті өңір әкімдеріне бірнеше рет тапсырдым. Дегенмен, меніңше, әкімдер бұл мәселенің өзектілігіне назар аудармай келеді. Ал, мектептің жабдықталуы ҰБТ-дан алған балға ықпал ететін маңызды фактор болып табылады. Бұдан біздің облыс төмендеуге жол берген.

Биылғы жылы білім саласының жаңа нысандарынан 12 мектеп пен 9 бала бақшаның құрылысы жүргізілуде. Олардың 6 мектебі мен 6 бала бақшасы пайдалануға беріледі.

(1200 орындық мектептер Целиноград ауданының Қосшы мен Қараөткел селоларында, 120 орындық мектеп Бұланды ауданының Партизанка селосында, 80 орындық мектеп Астрахан ауданының Оксановка селосында, 264 орындық қосымша құрылыс Краснояр селолық орта мектебінде, Көкшетау қаласында оқу-тәрбие беру кешені).

(280 орындық бала бақша Қосшы, Қоянды, Талапкер селоларында, 140 орындық бала бақша № 96 Разъезд селосында, 320 орындық бала бақша Атбасар қаласында, 240 орындық бала бақша Көкшетау қаласында).

Бурабай ауданында оқушылар орыны дефицитын азайту үшін Щучинск қаласында 1700 орындық 2 мектептің және Бурабай кентіндегі орта мектептің қосымша оқу корпусының құрылысына өтінім берілді.


Денсаулық сақтау

Медициналық қызмет сапасын арттыру үшін жыл сайын денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылуда. Биылғы жылы 10 санитарлық автокөлік, 14 жедел медициналық жәрдем машинасы, 5 медициналық қондырғы (Еңбекшілдер орталық аудандық ауруханасы мен
№ 2 облыстық ауруханаға наркоздық аппаратура, Бұланды орталық аудандық ауруханасына ота жасайтын үстел, Жақсы орталық аудандық ауруханасына УЗИ аппараты) сатып алынды.

Өткен жылмен салыстырғанда медициналық ұйымдардың жабдықталуы 38 пайыздан 50 пайызға дейін артты. Целиноград ауданының Ақмол ауылында 250 сырқат қабылдайтын емхана салынуда. 9 дәрігерлік амбулаторияның (Ақкөл, Атбасар, Егіндікөл, Есіл, Жарқайың, Бурабай және Целиноград аудандарында) және 3 медициналық пункттің (Целиноград ауданы) құрылысын жүргізу жоспарланды. 9 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, 251 миллион теңгенің 2 жобасы жасалуда.

Денсаулық сақтау министрлігіне Щучинск қаласындағы 250 сырқат қабылдайтын емхананың құрылысына өтінім жіберілді. Профилактикалық шараларды өткізу және көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыру нәтижесінде негізгі медициналық- демографиялық көрсеткіштер жақсарды. Туберкулезбен ауыратындар саны 15 пайызға (100 мың тұрғынның 43,3), одан өлетіндер саны 49 пайызға, жалпы өлім 9 пайызға, сәбилер өлімі 10 пайызға азайды. Ақкөл мен Бурабай аудандарында ана өлімінің 2 оқиғасы тіркелді. Онкопатология сырқатының деңгейі 9,5 пайызға өсті. Дәрігерлердің жетіспеуі өзекті мәселе болып отыр. Бүгінгі таңда 246 дәрігер жетіспейді. Оны шешу үшін жыл сайын бас дәрігерлер, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің өкілдері түлектерді біздің өңірге жұмысқа тарту мақсатында республиканың (Қарағанды мен Астана) медициналық жоғары оқу мекемелеріне барады.

Биылғы жылы 110 жас дәрігер келеді деп күтілуде. Оларды әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету және тұрғын үй беру үшін қалалар мен аудандар әкімдіктерімен меморандумға қол қойылды. Бұл мәселелер аудандар мен қалаларды дамытудың кешенді жоспарына енгізілді.

Бүгінгі күні облысқа келген 44 дәрігер мамандардың барлығы жұмысқа орналастырылып, 29-ы баспанамен қамтылды. 134 маман (облыстық көрсеткіштің 55 пайызы) жетіспеушілігі туындап отырған Көкшетау қаласында 40-қа жуық жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда. Осы бағыттағы жұмыс одан әрі жалғастырылатын болады. Жас мамандарды елді мекендердегі әлеуметтік сала мен ветеренарияға тартудың тиімді тетігі «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша бірреттік көтермеақы (70 ЕАК) және тұрғын үй алу үшін бюджеттік несие (1500 ЕАК) түрінде мемлекеттік қолдау болып табылады. Биыл 80 жас маманға тұрғын үй алу үшін несиелендіруге 210 миллион теңге және 332 жас маманға көтермеақыға 40 миллион теңге қаражат бөлінді. 1 тамыздағы мәлімет бойынша 66 адам несие, 215 адам көтермеақы алды.


Спорт және мәдениет

Салауатты өмір салтын қалыптастыру ел саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. Осы орайда, спорттық инфрақұрылымның қолжетімділігін кеңейтуге айрықша көңіл бөлінуде. Биылғы жартыжылдықта 12 волейбол, 8 футбол алаңдары мен 1 хоккей корты бой көтерді және қайта жаңартылды, жыл аяғына дейін барлық аудандар мен қалаларда осындай спорттық ғимараттар салынатын болады.

Көкшетау қаласында теннис орталығының, Атбасар және Державинск қалаларында дене шынықтыру-емдеу кешендері, Ақкөл ауданында жүзу бассейнінің құрылыстары жалғасуда, Атбасар, Есіл балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мен №3 облыстық олимпиадалық резерв мектебінің ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, Атбасар қаласындағы орталық стадионның футбол алаңын жасанды шөппен көмкеру жұмыстары аяқталуда.

Кәсіби спортта да жетістіктеріміз баршылық. Спорттың 14 түрінен өткен Қазақстанның қысқы спартакиадасы биылғы жылдың маңызды оқиғасы болды. Ақмола облысының командасы 6 алтын, 3 күміс, 8 қола медальмен жалпы командалық есепте 5 орыннан көрінді, 2009 жылмен салыстырғанда бірден 9 орынға көтерілді.

Облыс тарихында Теміртас Жүсіпов тұңғыш рет бокстан Азия чемпионы атанды. Қазан қаласында өткен бүкіләлемдік универсиадада Нұрдәулет Жарманов пен Жан Кособуцкий қола және күміс медальдарды олжалады. Сондай-ақ, Анна Нұрмұхамбетова Азия чемпионатында алтын жүлдені жеңіп алса, Анастасия Швабауэер жастар арасында әлем чемпионы атанды, ал, Бота Қалымова Азия чемпионатында жастар арасында күміс жүлдені иеленді.

Армреслингтен Илья Ильин мен Заир Ахметов Азия чем-
пиондары, Денис Лукащук күміс жүлдегер, Павел Новиков пен Георгий Бочаров жастар арасында Азия чемпиондары атанды.

Биылғы жылы мәдениет саласындағы айрықша оқиға – Абылай хан бабамыздың 300 жылдық тойын республикалық деңгейде өткізу болып отыр. Қазіргі уақытта қыркүйек айының үшінші онкүндігінде Краснояр кентіндегі ипподромда өткізу жоспарланып отырған осынау ауқымды іс-шараға дайындық жұмыстары аяқталуда.


Туризм

Біздің өңір ауқымды рекреациялық әлеуетке ие болғандықтан, туризмді дамыту негізгі басымдықтардың бірі болып отыр.

Щучинск-Бурабай курортты аймағымен қатар Зеренді, Сандықтау, Қорғалжын, Ерейментау, Бұланды және Ақкөл аудандарында туризмді дамыту мүмкіндігі зор. Ерейментау, Қорғалжын аудандарында аңшылық шаруашылықтары мен қорықтар ашу жұмыстары жанданып келеді. Қазіргі уақытта жаңа туризм басқармасының алдына аудан әкімдерімен бірлесіп әрбір ауданда туризмді дамыту тұжырымдамасын жасау және оның негізінде облыс бойынша кешенді бағдарлама жасау міндеті қойылып отыр. Осындай бірегей мүмкіндікпен өңір экономикасының дамуына жол ашып, мол табыс әкелетін саланы одан әрі дамытуды қамтамасыз етуіміз қажет.


***

Баяндамамды қорытындылай келе, биылғы жылдың маңызды саяси оқиғасы – аудандық маңыздағы қала және ауыл әкімдерін сайлауы болғанын айтқым келеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығына сәйкес биылғы жылдың 8 тамызында облысымызда өткізілген әкімдер сайлауында әкімшілік бірліктегі 247 әкім, атап айтқанда, аудандық маңыздағы 8 қала әкімі, 200 селолық округтер, 11 кент және 28 село әкімдері сайланды.

Сайлауға тіркелген 729 үміткерлерді 21 ұлттың өкілдері құрайды, оның 460-ы ерлер (63,1 пайызы), 269-ы әйел адамдар (36,9 пайызы). Сайланған 247 әкімнің 188-і (76,12 па-
йызы) бұрын жұмыс істеп келген әкімдер, 23-і (9,32 пайызы) мемлекеттік кәсіпорын, мекеме, ұйымдардың қызметкерлері, 15-і (6,08 пайызы) әкім аппаратының қызметкерлері, 16-сы (6,48 пайызы) мемлекеттік емес сектордың қызметкерлері, 5-еуі (2,03 пайызы) басқа саланың өкілдері. Олардың барлығы жоғары білімді мамандар.


Құрметті депутаттар!

Сөз соңында өзіміздің бұдан арғы қызметімізде біз Мемлекет басшысының және ел Үкіметінің алған қойған міндеттерін басшылыққа алатынымызды айтқым келеді. Оның бірқатарын жоғарыда айттық. Біздің жоспарларымыз бен бастамаларымыздың барлығына түсіністікпен қарап, қолдау көрсеткендеріңіз үшін сіздерге ризашылығымды білдіремін. Орын алған түйткілді мәселелер бірлесіп жұмыс істеу арқылы ғана шешіледі.

Ақмола облысының экономикалық және рухани әлеуетін ескере отырып, өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру бойынша
Елбасы алға қойған міндеттердің орындалуын сөзсіз қамтамасыз ететіндігімізге сенімдімін.

Похожие:

3. Облыс орталығында тұрғын үй тапшылығы мәселесін шешу мақсатында Васильковка ықшам ауданында бес 30 пәтерлі ипотекалық тұрғын үйлер – тұрғын үй кешенінің icon3 «Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Мемлекеттік тұрғын үй қорынан, тұрғын үйге
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан, тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою – ол мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын...
3. Облыс орталығында тұрғын үй тапшылығы мәселесін шешу мақсатында Васильковка ықшам ауданында бес 30 пәтерлі ипотекалық тұрғын үйлер – тұрғын үй кешенінің iconМемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын
«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды...
3. Облыс орталығында тұрғын үй тапшылығы мәселесін шешу мақсатында Васильковка ықшам ауданында бес 30 пәтерлі ипотекалық тұрғын үйлер – тұрғын үй кешенінің iconМемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 10-1-бабының 6-1 тармақшасына сәйкес әзірленді...
3. Облыс орталығында тұрғын үй тапшылығы мәселесін шешу мақсатында Васильковка ықшам ауданында бес 30 пәтерлі ипотекалық тұрғын үйлер – тұрғын үй кешенінің iconМемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерді барабар бөлу әдістемесі
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерді барабар...
3. Облыс орталығында тұрғын үй тапшылығы мәселесін шешу мақсатында Васильковка ықшам ауданында бес 30 пәтерлі ипотекалық тұрғын үйлер – тұрғын үй кешенінің iconМемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою
«Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді беру және...
3. Облыс орталығында тұрғын үй тапшылығы мәселесін шешу мақсатында Васильковка ықшам ауданында бес 30 пәтерлі ипотекалық тұрғын үйлер – тұрғын үй кешенінің iconМемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және олардың кезегі
С-қимылдардың қисынды дәйектілігінің арасындағы (электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі) өзара байланысты олардың...
3. Облыс орталығында тұрғын үй тапшылығы мәселесін шешу мақсатында Васильковка ықшам ауданында бес 30 пәтерлі ипотекалық тұрғын үйлер – тұрғын үй кешенінің iconАқтоғай ауданы бойынша тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезектілігі

3. Облыс орталығында тұрғын үй тапшылығы мәселесін шешу мақсатында Васильковка ықшам ауданында бес 30 пәтерлі ипотекалық тұрғын үйлер – тұрғын үй кешенінің iconРеспубликалық «ӨЗІҢнен баста» акциясы аясында Шымкент
Шымкент қаласы, «Күншығыс» ш/ауданында 3 бөлмелі пәтер, ОҚо сайрам ауданында жеке тұрғын үй құрылысына
3. Облыс орталығында тұрғын үй тапшылығы мәселесін шешу мақсатында Васильковка ықшам ауданында бес 30 пәтерлі ипотекалық тұрғын үйлер – тұрғын үй кешенінің icon«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті
Осы «Тұрғын үй көмегін тағайындау» Регламентінде (бұдан әрі Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады
3. Облыс орталығында тұрғын үй тапшылығы мәселесін шешу мақсатында Васильковка ықшам ауданында бес 30 пәтерлі ипотекалық тұрғын үйлер – тұрғын үй кешенінің iconБҚо орал қаласының Орал-Атырау, Орал-Саратов тас жолдары бойындағы көп қабатты құрылыстар тжж-ы 9-10 қабатты тұрғын үйлер кешені құрылысы №16-дақ
«БҚо орал қаласының Орал-Атырау, Орал-Саратов тас жолдары бойындағы көп қабатты құрылыстар тжж-ы 9-10 қабатты тұрғын үйлер кешені...
Разместите кнопку на своём сайте:
kaz2.docdat.com


База данных защищена авторским правом ©kaz2.docdat.com 2013
обратиться к администрации
kaz2.docdat.com
Главная страница