Курсы : III




Скачать 107.38 Kb.
НазваниеКурсы : III
Дата конвертации19.11.2013
Размер107.38 Kb.
ТипДокументы
Ф КГМУ 4/3-07/01 ПП КГМУ 4/01

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті


Балалар жұқпалы аурулары кафедрасы


Студенттердің оқытушының жетегімен өзіндік жұмысына арналған әдістемелік ұсыныстар

2 Кредит


Тақырыбы: Ішек иерсиниозы. Кампилобактериоз

Пән: Балалардағы жұқпалы аурулардың алдын-алу

Мамандығы 0511025, «Қоғамдық денсаулықсақтау»

Курсы: III

Аударған: Асанова А.М.


Қарағанды 2011

Кафедра отырысында

талқыланған және бекітілген

11_Хаттама _25.04. 2011 _ж.

Кафедра мең., профессор

________________ Р.Х. Бегайдарова.



  • Тақырыбы: Ішек иерсиниозы. Кампилобактериоз

  • Мақсаты:

Тақырыпты өз бетінше оқу негізінде, ішек иерсиниозы мен кампилобактериоз мәселелері бойынша білім мен іскерлікті қалыптастыру: осы аурулардың негізгі клиникалық белгілерін диагноздеуді, бала жағдайын бағалау іскерлігін дамыту, ем тағайындауды және ошақта алдын-алу шараларын жүргізуді үйрету.


Оқыту міндеттері:

  • клиникалық ойлауды және пән бойынша өздігімен ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеуді қалыптастыру;

  • әртүрлі жастағы балалардағы ішек иерсиниозы мен кампилобактериоздың туындауының факторлары мен әлеуметтік-биологиялық, медико-әлеуметтік және эпидемиологиялық жағдайларын анализдеу қабілетін қалыптастыру;

  • патологиялық процесстердің және балалардағы жұқпалы аурулар ағымының өзгеше ерекшелігінің даму заңдылығына баға беру іскерлігін қалыптастыру;

  • клинико-лабораториялық тексерулерге қорытынды шығаруды және диагноз негіздеуді үйрету;

  • жұқпалы аурулармен ауырған балаларды диспансерлік бақылауды жүргізу және салауатты өмір салтын насихаттауды үйрету;

  • балалардағы жұқпалы аурулардың алдын-алуды, шұғыл терапия жүргізу, ерте диагностика жасауды жүзеге асыруды үйрету.




  • Жүргізу формасы: Оқытушының бақылауымен бөлімшедегі жұмыс

ОЖА құрылымымен танысу, соның ішінде қабылдау бөлімімен, инфекционды патологиясы бар балаларды қарау принциптерімен, ауру тарихтарымен, катаральды, интоксикациялық, интестинальды синдромдарды, круп және бөртпе синдромдарын, РЭЖ мүшелерінің зақымдалуымен олардың айқындалу дәрежесін анықтау; құжаттармен, науқас балаларды госпитальдеу мен жатқызу, шығару ережелерімен, қауіпсіздік техникасын сақтау ережелерімен танысу.

  • Тақырып бойынша тапсырмалар:

1. Науқас баладан немесе оның анасынан шағымдарын, аурудың симптомдары (температура, басының ауруы, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, құрысу, есінен тану) мен басталған күніне назар аудара отырып ауру анамнезін сұрастыру, құсудың болуы мен жиілігін, тамағының ауыра бастағанын, бөртпенің пайда болу мерзімдерін, оның сипатын (дақ, папула, везикула, қабық), орналасу басымдылығын анықтау. Мед.көмекке қаралу күнін белгілеу, госпитальді этапқа дейін жүргізілген емдеу және тексеру көлемін анықтау.

2. Толық эпидемиологиялық анамнез жинау - скарлатина, жедел тонзиллит, тілме және стрептококты инфекцияның басқа да көріністерімен, сондай-ақ басқа инфекциялармен жанұяда және балалар ұжымында қатынастың болуын анықтау.

3. Өмір анамнезінен бұрын ауырған инфекциялық және соматикалық аурулары туралы, олардың ағым ерекшелігі туралы, алдын-алу егулері туралы мәлімет алу. Аллергологиялық анамнезді анықтау. Бала невропатологта «Д-есепте» болуын анықтау.

4. Баланы қарау: интоксикация симптомдарының болуын анықтау (Т жоғарлауы, құрысудың болуы, мазасыздық, есінің бұзылуы, енжарлық, тәбетінің төмендеуі, құсу реттілігі).

6. Жанұяда және ұйымдасқан ұжымда алдын-алу және эпидемияға қарсы шаралар жоспарын құрастыру.

  • Тарату материалы:

балалар мекемелерінде санитарлы-эпидемиологиялық тәртіпті бақылау, эпидемияға қарсы және алдын-алу шараларын жүргізу және ұйымдастыру.


Әдебиеттер:


Орыс тілінде

Негізгі:

1 Кузмичева А.Т., Шарлай И.Т.- Детские инфекционные болезни, М. Медицина, 1984г. 26 экз.

  1. Нисевич Н. И., Учайкин В.Ф. Инфекционные болезни у детей. М., Медицина, 1990. 83 экз.

  2. Носов С. Д. - Детские инфекционные болезни, М. 1982г. 270 экз.

  3. Под ред. Ю. Ю.Елисеева.- Справочник семейного доктора/М.: Эксмо,2006.-1040с.

  4. Хабижанов Б.Х. Хамзин С.Х. Педиатрия. Алматы, Бшм, 2005.-318 с.

Қосымша:

  1. Бегайдарова Р.Х., Стариков Ю.Г., Алшынбекова Г.К., Константиниди Т.А., Дюсембаева А.Е., Девдариани Х.Г., Ефимова О.Н., Золотарева О.А «Диагностика и дифференциальная диагностика инфекционных заболеваний у детей», учебно-методическое пособие, Караганда.- 2006.- 74 с. -80 экз.

  2. Бегайдарова Р.Х. Нейроинфекции у детей. Учебно-методические рекомендации. 1997.

  3. Белоусов Ю.Б. и др. Клиническая фармакология и фармакотерапия. Руководство для врачей. - М.: Медицина, 1997. - 360 с.

  4. Болезни органов дыхания у детей: Руководство для врачей. Под ред. Рачинского СВ. -М.: Медицина, 1988. - 456 с.




  1. Дифференциально-диагностические таблицы по отдельным нозологиям, Г.А. Тимофеева. Ленинград, 1978, методические указания для самостоятельной подготовки студентов по инфекционным болезням у детей.Машковский М.Д.Лекарственные средства.- М.:Новая волна, 2000.-570 с.

  2. Доказательная медицина

  3. Интенсивная терапия в педиатрии. Под ред. В.А.Михельсона. - М., ГЭОТАР - МЕД, 2003 - 552 с. 4 экз.

  4. Мазурин А.В. и др. Общий уход за детьми: Учебное пособие. - М.: Медицина, 1998. -200 с.

  5. Огай Е.А. Руководство по инфекционным болезням у детей 2000г. 15 экз.

  6. Тимченко В.Н. и соавт. Диагностика, дифференциальная диагностика и лечение детских инфекций (справочник) - СПб.: «ЭЛБИ-СПб», 2004, 384 с. - 1 экз.

  7. Учайкин В.Ф., Нисевич Н.И., Шамшева О.В. Инфекционные болезни и вакцинопрофилактика у детей, Учебник для ВУЗов. - М., ГЭОТАР - МЕДИА, 2006,. 83 экз.

  8. Учайкин В.Ф., Молочный В.П. Неотложные состояния в педиатрии. - М.: ГЭОТАР -Медиа, 2005, 256 с. 2 экз.

  9. Учайкин В.Ф. Руководство по инфекционным болезням у детей. М: Москва. 2004, 824 с. 3 экз.


Қазақ тілінде:

Негізгі:

  1. Практические курсы по детским болезням. Под.ред. М. А. Алиякпарова. К. 1993 -2т.-229 с. (қазақ тілінде)

  2. Б.Т. Тусшкалиева, А.У. Исмагулова. Балалар аурулары. Актебе. 1993.

  3. Хабижанов Б.Х. Хамзин С.Х. Педиатрия. Алматы, Бшм, 2005.

4. Б.Х. Хабижанов Балалар аурулары. А.; 1987 ж.

Қосымша:

  1. Бегайдарова Р.Х., Г.К.Алшынбекова и др. Балалардагы ж^кпалы аурулардын диагностикасы жэне ажырату диагностикасы: Оку-эдютемелш кздэал/ КГМА, Караганды; Б.и., 2007.- 74 с. - 47 д.

  2. Жукпалы аурулар кезшде пайда болатын бала денсаулыгына катерл1 жагдайларда корсетшетш дэр1герл1к комек. Неотложные состояния у детей при инфекционной патологии и методы экстренной терапии. Бегайдарова Р. X., Учебно-методические-рекомендации, Караганда 1997.

  1. Г.Г. Кугтыкржанова. Балалардьщ жукпалы аурулары. 2001 ж. - 30 дана.


Бақылау:

Сұрақтар:

  • Жұқпалы аурулардың диагностикасы кезінде қандай серологиялық реакциялар қолданылады.

  • флораға аңқадан жұғынды алу, серологиялық реакцияларға, вирусологиялық зерттеу әдістеріне, Липшютц немесе Арагао арнайы денелерін анықтаумен зақымдалған тіндерден жұғынды алу ережелері мен әдістері.

  • Антибактериальді, антигистаминді дәрілердің, кортикостероидтардың фармакодинамикасы, фармакокинетикасы туралы түсінік.


Қосымша CBL

Тесттердің үлгілері:

1. Ішекте морфологиялық өзгерістердің қанша сатысын ажыратады:

  1. 1

  2. 2

  3. 3

  4. 4

  5. 5


2. Кампилобактериоздың алғашқы күндері жалпы қан анализінде қандай өзгерістер байқалады:

  1. лейкоцитоз, нейтрофилёз

  2. лейкопения, лимфоцитоз

  3. анэозинофилия

  4. лейкопения, нейтрофилёз

  5. лейкопения, ЭТЖ жоғарлауы


3. А.А.Калтыпин бойынша ЖІИ жіктелуі:

  1. ЖІИ зақымдалу тоникасы

  2. ЖІИ берілу жолдары

  3. ЖІИ инфекцияларының көзі

  4. Типі, ауырлығы, ағымы

  5. Секреторлы және инвазивті диареялар


4. Энтерит – бұл:

  1. тоқ ішек шырышты қабатының қабынуы

  2. ащы ішек шырышты қабатының қабынуы

  3. өт шығару жолдарының атрезиясы

  4. өт қабының қабынуы

  5. ми қабаттарының қабынуы


5. Инвазивті диареяларға (ДДҰ жіктеуі бойынша) жатады:

  1. Клостридиоз дефициле

  2. Тырысқақ

  3. Ішек иерсиниозы

  4. Ротавирусты инфекция

  5. Энтеротоксигенді эшерихиоз


6. Кампилобактериозға қандай нәжіс тән?

  1. бұршақ сорпасы тәрізді

  2. құлпынай желесі тәрізді

  3. батпақ балдыры тәрізді

  4. сұйық, шырыш, қанды қоспамен

  5. сарғыш түстес


7. Campilobacter jejuni жиі дамытады:

  1. энтерит және энтероколитті

  2. асқазан жарасын

  3. синуситтер

  4. жайылмалы, септикалық процестер

  5. отит


8. Campilobacter pyloridis жиі дамытады:

  1. энтериттер

  2. асқазан , 12-елі ішек жарасы

  3. энтероколиттер

  4. барлығы дұрыс

  5. барлығы дұрыс емес


9. Иерсиниозға тән берілу жолы?

  1. су арқылы

  2. қалым-қатынас

  3. тағамдық

  4. ауа-тамшылы

  5. трансмиссивті


10. Ішектік иерсиниозды бірінші кезекте қандай аурудан ажырату керек?

  1. тағамдық токсико-инфекция

  2. дизентерия

  3. эшерихиоз

  4. іш сүзегі

  5. сальмонеллез


Жағдайлық есептердің үлгілері:

1 есеп

Сергей Т, 9 жаста, ОЖАА гепатитті бөлімшесіне «Вирусты гепатит» диагнозымен түсті. Түскен кезде дене температурасының 40°С дейін жоғарлауына, қалтырауына, әлсіздікке, селқостыққа, ішінің ауруына шағымданған.

Анамнезінен екі ай бойы Бухарада туыстарында болғаны анықталған.

Ауруханаға жатқанға дейінгі 11 күн бұрын тамағының аздап ауруы, жөтеліңкіреу, тәулігіне 4-6 ретке дейінгі нәжісінің сұйылуы болғанАймақтық дәрігердің ұсынуы бойынша б/і ампициллинмен, пенициллинмен емделген, жағдайы жақсармаған. Ауруханаға жатқызылғанға дейінгі 2 күн бұрын Қарағандыға келген, сол күні аталған шағымдарымен ОБА бронхөкпелік бөлімшесіне түскен.

Қараған кезде: Жағдайы ауыр, фебрильді қызба, тері жамылғылары құрғақ, ішінің төменгі бөлігінде бірен-саран розеолалар (3 элемент), аңқасында бадамша бездердің және олардың доғашықтарының шамалы гиперемиясы, тілі қалың кірлі-қоңыр жабындымен жабылған, тістің іздері бар. Өкпесінде: жайылған құрғақ сырылдар. Сог тондары естіледі, ЖЖЖ – минутына 60 соққы. Іші жұмсақ, шамалы үрілген, бауыры + 4,0, + 4,0, +6,0 см., көкбауыры +2,5 см., Падалка симптомы оң. Нәжісі қарағн кезде болған жоқ. Сұрақтар:

1. Сіздің болжам диагнозыңыз?

2. Диагнозды нақтылау үшін қандай қосымша зерттеу әдістері жүргізу керек?

3. Емдеу әрекетін тағайындаңыз.


Есеп № 2


Бала 11 жаста, дене қызуының көтерілуімен, тәбетінің төмендеуімен жедел ауырған. Басының, бұлшықеттері мен буындарының, ішінің ауруына, өзін нашар сезінуге шағымданады. Объективті: бала болбыр, Т 39оС, 1 рет құсу болған. Іші пальпацияда аздап кепкен, ауырсынады. Нәжісі сұйық, сулы, сасық, тәулігіне 5 ретке дейін. Анасы үйінде емдеген: аспирин, емен тамырын берген, левомицитинмен клизма жасаған. Бірақ баланың жағдайы жақсармаған, ауруының 3-күні нәжісіне шырыш, қан араласқан. Кіндік аймағындағы қатты ауырсыну басылмаған, дефекация алдында күшейеді.


Сұрақтары:

  1. Диагнозы қандай?

  2. Зерттеу әдістері.

  3. Емі.

Похожие:

Курсы : III iconКурсы : III
Студенттердің оқытушының жетегімен өзіндік жұмысына арналған әдістемелік ұсыныстар
Курсы : III iconКурсы по информатике (Бенальмадена, Испания) Высшие Библиотечные курсы (Ленинград). Специальность: Библиография и библиотековедение
Государственные высшие курсы иностранных языков (Ленинград). Специальность: испанский
Курсы : III iconКурсы гидов-переводчиков (испанский язык) при зао «интурист» Курсы английского языка при Comunidad de Castilla la Mancha en Guadalajara (1998), Ciudad Real, Испания
Незаконченное высшее по специальности Социальная Психология, (СПб Университет Культуры и Искусств)
Курсы : III iconПрограмма III региональной студенческой научно-практической конференции «Независимый Казахстан: развитие, реалии и перспективы»
«Тәуелсіз Қазақстан: дамуы, қазіргі кезеңі және болашағы» III аймақтық студенттік ғылыми-практикалық конференциясының
Курсы : III iconКурсы платные, стоимость для сотрудников «Маленького проказника» составляет
В связи с расширением рынка услуг домработниц и повышения требований к качеству услуг, Агентство «Маленький проказник» организует...
Курсы : III iconКнига III > книга III глава I. Отплытие боромира
Арагорн взбегал крутой тропой, приглядываясь к земле. Хоббиты ступают легко: иной Следопыт и тот, бывало, сбивался с их следа. Но...
Курсы : III icon81. Фёдор III алексе́евич
Фёдор Алексе́евич (III) (30 мая (9 июня) 1661(16610609) — 27 апреля (7 мая) 1682) — русский царь с 1676 года, из династии Романовых,...
Курсы : III iconҚолданбалы бағдарламалық Қамсыздандыру бойынша дәрістер курсы
«Қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыру бойынша дәріс курсы» оқу құралы «Информатика» мамандықтарына және «Қолданбалы бағдарламалық...
Курсы : III iconСиллабус «Госпитальды хирургиядағы симуляция курсы» элективті пән бойынша Мамандығы 051301 «Жалпы медицина»
«Госпитальды хирургиядағы симуляция курсы» мамандығы 051301 – «Жалпы медицина» 07 сәуір 2011ж
Курсы : III iconДан (Гурвич) Федор Ильич (1871–1947) – общ и полит деятель, один из лидеров меньшевиков. В 1889–95 студент ту. Приезжал в Эстонию в конце 1823 – нач. 1924. III дандевиль
Давид Станислав Викентьевич (1861–1917) – ученый-ветеринар, доц. (с 1888) и проф. (с 1911) Тарт вет ин-та. Автор многочисленных научных...
Разместите кнопку на своём сайте:
kaz2.docdat.com


База данных защищена авторским правом ©kaz2.docdat.com 2013
обратиться к администрации
kaz2.docdat.com
Главная страница